Қазақстанда 300 зарядтау станциясы: Qazaq Oil экожүйесі қалай дамуда

Ду шапалаq

02.12.2025,

  в 13:00

871

Бір жыл ішінде компания еліміздің негізгі магистральдарында зарядтау станцияларының желісін орнатып, электрозарядтау қызметтері жағынан Қазақстанды аймақтағы көшбасшы етті

Qazaq Energy Charge компаниясы жұмысын 2023 жылы бастап, содан бері Қазақстанның электромобильдік картасын қатты өзгертті. Тек соңғы бір жылда қуаты 80 кВт-тан 480 кВт-қа дейінгі 88 жаңа станция ашылды. Биыл жалпы 300-ші станциясы пайда болды.

Qazaq Energy Charge жұмыс істей бастаған уақыттан бері Қазақстандағы электромобильдер нарығы қарқын алды. 2025 жылдың тамыз айының басында елімізде 19 100 электромобиль тіркелген – бұл өткен жылмен салыстырғанда 79%-ға өсу. Сарапшылар бұл өсімнің негізгі себебін зарядтау инфрақұрылымының дамуымен байланыстырады.

Қазір Qazaq Energy Charge желісі мына маңызды жолдарды қамтиды:

  • Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы,
  • Астана-Бурабай-Петропавл,
  • Алматы-Шымкент-Түркістан-Қызылорда,
  • Астана-Павлодар-Семей-Өскемен,
  • Алматы-Қорғас,
  • Алматы-Талдыкорған-Алакөл, Атырау-Астрахань.

Сонымен қатар,

  • Астана-Алматы-Шымкент бағыттары бойынша төрт станция жұмыс істейді.
  • Жезқазған,
  • Шонжы, Атбасар, Жымпиты ауылында,
  • Есіл қаласында,
  • Ақтоған ауылында және Арал қаласында жаңа станциялар ашылды.
  • Атырау-Орал,
  • Қостанай-Рудный,
  • Үшарал,
  • Кабанбай,
  • Астана-Қостанай,
  • Самара-Шымкент бағыттарындағы трассаларда станциялар ашылды.

Бұл енді электромобильмен алыс сапарға еркін шыға беруге мүмкіндік береді – туризм болсын, іскерлік сапар болсын. Мерке қаласындағы Qazaq Oil желісінің Keruen Inn қонақ үйінде 160 кВт қуат беретін 3 жылдам зарядтау станциясы орнатылды.

Фото: Qazaq Oil.

Сонымен қатар, Астанадағы Барыс Аренада жылдам зарядтау станциясы орнатылды. Qazaq Energy Charge жаңа жобаларды қолға ала береді, ол жобаларды қолдаудан «Astana» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы аянбай отыр.

Компания серіктестік желісін кеңейтіп келеді: зарядтау станциялары тек жанармай бекеттері мен қонақүйлерде ғана емес, сондай-ақ тұрғын үй кешендерінде және жеке кәсіпкерлік нысандарында да орнатылады.

Барша зарядтау процесі Vlife мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады – бұл локация картасын, коннекторлардың онлайн статусын, бонустар бағдарламасын және түрлі қажеттіліктерге арналған абонемент тарифтерін (100 кВт-тан 1000 кВт-қа дейін) біріктіретін бірегей экожүйе. Электромобиль иелері өз көліктерін ең тиімді тарифтермен зарядтап, ұпай жинап, зарядтаумен қатар Vlife серіктестерінің қызметтеріне: Keruen Inn қонақ үй желісі, жанармай бекеттері, дәріханалар, коммуналдық төлемдер, интернет, білім беру, сұлулық пен денсаулық қызметтері, қайырымдылық және басқа да қызметтерге пайдалана алады. Vlife – бұл iOS және Android жүйелерінде жұмыс істейтін супер-қосымша.

Ірі брендтердің мұндай ынтымақтастығы экологиялық жағдайды жақсартуға, заманауи электромобиль желісін дамытуға және бүкіл елдің транзиттік және туристік әлеуетін арттыруға бағытталған толыққанды ұлттық инфрақұрылым құрап отыр.

Фото: Qazaq Oil.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!