Қайтейік енді
22.12.2025,
в 13:30
336
“Қазақтелеком” АҚ-ның еншілес компаниясы, “Самұрық-Қазынаға” қарайтын мобильді байланыс операторы – «Кселл» АҚ – «жақсылап бір тойлатайық» деп шешсе керек.
Қысқасы, «Кселл» АҚ өзі сияқты “Самұрық-Қазына” қорының құрамына кіретін «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығымен» команданың басын қосатын және жылды қорытындылайтын бір жиын ұйымдастыру қызметін көрсету туралы келісімшарт жасасқан екен. Лоттың құны – 159,9 млн теңге, әдісі – бір «көзден» сатып алу.
«Конференция» деген әдемі сөзбен атап қойғандары – кәдімгі жаңажылдық корпоративтік той болса керек. Ол 25 желтоқсанда алты сағат бойы – кешкі 18:00-ден түнгі 00:00-ге дейін Алматыдағы Royal Tulip қонақ үйінің Grand Ballroom банкет залында өтеді.
«Кселл» жаңажылдық кешін жұлдызды стэндап комик Сергей ШМАКОВ пен «шалақазақ тілінің» түбін түсіретін атақты жүргізуші Айкена МУНАШЕВА жүргізуі тиіс деген нақты талап қойыпты.
Жаңажылдық тойды анау-мынау емес, әйгілі “Оскар” сыйлығын табыстау салтанатының стилінде өткізу жоспарланған. Пресс-қабырға, фотобудка, қызыл кілем төселген жолақ, 50 статуэткаға тапсырыс берілген. Қатысушыларға 100 мың теңгенің 50 сертификаты мен сыйлықтар табысталады.
1100 адамға кешкі ас-та төк дастархан көзделген. Бұл тойды түсіретін төрт фотограф пен төрт видеограф болуы тиіс.
Не де болса, бұл өзі тойлатудан ақша аямайтын компания екен.
Алматыдағы осы бір «Кселл» тойын көрген де, көрмеген де арманда қалатын түрі бар.
Фото: Shutterstock.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
21.12.2025,
12:00
20.12.2025,
10:00
18.12.2025,
13:30
Реклама
Реклама