Қайтейік енді
06.02.2026,
в 12:00
308
Toyota Alphard сияқты рөлі оң қапталда орналасқан көліктер енді жолаушы тасымалдай алмайды. Олардың қалааралық бағыттарда такси қосымшалары арқылы адам тасып жүруіне тыйым салынады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Көлік министрлігі мен Ішкі істер министрлігі жолдағы апаттарды азайту үшін бірлескен шаралар әзірлеуде.
«Amanat» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің отырысында қос ведомство өз жобаларын таныстырды.
Кеңес төрағасы Ерлан САИРОВ, адам өмірін қорғау – басты міндет екенін ескертті.
Алайда, бір мезетте жүргізушілерді де жұмыссыз қалдыруға болмайтынын айтты.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін шетелден техникалық талаптарға сай келмейтін ескірген көліктерді кіргізу тәртібін қатаңдату туралы да ұсыныстар болды.
– Осы көліктерге байланысты біз бұрын да айтқанбыз. Азаматтардың тарапынан ұсыныстар бар. Компромисіміз де бар. Соны отырып алып, көлік министрлігімен бірге жұмыс істейміз – бүгінгі жиынның шешімі және жемісі деп ойлаймыз. Көлік министрлігі бар, Ішкі істер министрлігі де бар, өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтын жақсы шешім шығып, барлығымыздың көңілімізден шығатын шешім табылады деп ойлаймыз, – дейді автосарапшы, қоғам белсендісі Еркебұлан КҮЛБАСОВ.
Фото: ktk.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
02.02.2026,
13:30
04.02.2026,
13:30
02.02.2026,
12:00
Реклама
Реклама