Ду шапалаq
24.09.2025,
в 10:00
470
Алаяқтың аты – алаяқ. «Мені алдай алмас» дейтін тәжірибелі адамдардың өзін сазға отырғызып кетудің небір схемаларын ойлап табады олар. Ендеше ЦентрКредит Банкімен бірге алақтардың қалай алдайтынын анықтап, олардан қорғану жолдарын қарастырайық.
«Срочно сатам»: жалған құжаттар схемасы
Алматылық бір әйел бала-шағасын тасу үшін жүрілген көлік қарастыра келе 5,5 миллион теңгеге 2018 жылғы Toyota Camry тапқан. Бағасы нарықтан төмен. Сатушы «тез сатуым керек, басқа қалаға срочно көшіп жатырмыз» деп қояды.
Көлікті көруге келгенде алаяқ көліктің техникалық құжаты мен жеке куәлігін көрсеткен. Құжаттар шын сияқты, нөмірлері дәл келіп тұр. Көліктің жағдайы да мінсіз. Әйел көлікті алатын болып, сатушыға келіскен ақшаны түгел аударған. Бір апта өтпей жатып бұл көліктің ұрланғаны, құжаттарының бәрі жалған екені анықталады. Әлгі әйел ақыры ақшасыз, көліксіз қалды.
Схеманың мәні:
Виртуалды аренда: жоқ мәшинені жалға беру
27 жастағы Дәурен каршеринг қосымшасы арқылы демалыс күндеріне арнап көлікті жалға алмақ болған. Бірақ әлеуметтік желіде алдынан шыққан 50% жеңілдікпен «премиум-көлікті жалға беру» деген жарнамаға сеніп қалған. Әлгі жердің администраторы жарқыраған мықты көліктердің суреттерін көрсетіп, көзі жайнап кеткен Дәурен BMW X5 көлігін үш күнге жалға алу үшін алдын ала төлем ретінде 80 000 теңге төлеп тастапты. Ақшаны аудара салысымен әлгілердің телефон нөмірі жоқ боп кетті.
Бұл схемасының белгілері:
Бір көлікті бірнеше адамға сату
Тағы бір күрделі схема – бір автокөлікті бір мезетте бірнеше адамға сату. Алаяқтар көлікті жалға, немесе ұзақ мерзімге «тест-драйвқа» алады да, оны сатуға қояды.
Шымкенттік Бақытжан осындай схеманың құрбаны болды.Ол 4,2 миллион теңгеге сатылып тұрған Hyundai Tucson көлігінің хабарламасын көріп, сатушымен кездескен. Сатушы құжаттарды көрсетті, механиктің тексеруіне мүмкіндік берді. Тексеру сәтті өткен соң Бақытжан ақшасын аударып, көлікті алады. Алайда бір айдан кейін бұған полиция келеді – бұл автокөлік жалға алынған болып шықты, тура осылай тағы бірнеше адамды алдаған әлгі «сатушы» ұшты-күйлі жоқ боп кеткен.
Интернеттегі жалған салондар
Алаяқтар неше түрлі көлікке толып тұрған автосалонның сайтын жасап қояды. Бағалары арзандау. Сайтта жалған пікірлер, байланыс нөмірлері, тіпті «салон ішіндегі» виртуалды турлар тұрады.
Схема қалай жасалады:
Автокредитпен алдау
Автокредит рәсімдеумен айналысатын алаяқтар да бар. Олар тіпті кредиттік тарихы нашар адамдарға да «одобрение алып береміз» деген уәде береді, есесіне комиссия сұрайды.
Мәселен, ақтөбелік Марат автокредитпен көмектесетін «кредит брокеріне» 8 миллион теңгелік автокредит алу үшін 150 000 теңге берген. Алайда, ақша алған соң алаяқ жоғалып кетті.
«Автоалаяқтардан» қалай қорғануға болады
Көлік сатып аларда:
Жалға алғанда:
Несие рәсімдегенде:
Алаяқтық белгілері:
Егер алаяқтық құрбаны болсаңыз:
Мынаны есте ұстаңыз: шын сатушылар мен жалға берушілер төле деп асықтырмайды, барлық құжаттарды тексеруге келіседі. Кез келген асығыс пен тексеруден қашу байқалса – сақ болыңыз.
Автокөлік мәселесінде абай болыңыз – ірі ақшадан айырылмау үшін тексеруге уақыт бөлгеніңіз жөн. Толығырақ ақпарат BCC Journal-да.
Көрнекі сурет: ЖИ жасаған.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
12.10.2025,
10:00
13.10.2025,
18:00
17.10.2025,
18:30
15.10.2025,
17:22
Реклама
Реклама