Ду шапалаq
13.02.2026,
в 15:00
506
Схемасы қандай?
Ол негізінен қадам-қадаммен жүзеге асырылады:
1 қадам: мінсіз адам

Алаяқтар бәле ғой. Өзі бай, ақылды, бизнесі бар адамды ойлап табады. Жағымды естілетін аты-жөнін жазып, өмірбаянын, хиббиі мен қызығатын салаларын сызып тұрып, әлеуметтік желілерде тіркеледі. Желіде белсенді өмір бастап, бірден құрығына түсіру үшін аңғал адамдарды іздейді. Танысып, желіде достасқандар мұны шын, өмірде бар адам деп ойлап, соған сеніп қалады. Әдетте желідегі жаңа таныс міндетті түрде шетелде тұрады. Алаяқ онлайн кездесуден осылай құтылады.
2 қадам: сенімге кіру

Алаяқ бірден ақша сұрамайды. Жақын танысып, етене араласып, асықпай іш-бауырға кіріп алады. Сезік тудырмау үшін ұзақ уақыт араласады, желідегі досының сеніміне әбден кіреді.
3 қадам: «үйленем, сүйем-күйем»
Желі арқылы өзіне ғашық қылған соң алаяқ іске көшеді. Саған ұшып барайын, үйленейік деген ұсыныс жасайды. Небір ұсыныс жасауы мүмкін, бастығы «ғашығын» соған көндіру.
4 қадам: “сыйлық” жібереді

Алаяқ өз ниетінің шын екенін көрсету үшін сыйлық жіберуі мүмкін. Әдейі қымбат сыйлық жасамақ ниетін айтады. Қымбат брендтің заттары, зергерлік бұйым болуы мүмкін. Алаяқ сыйлығының фотосын, сатып алғанын растайтын чектердің фотосын көрсетеді. Әрине, ол өтірік фотолар.
5 қадам: уақытша қиындыққа тап болыпты
Бірнеше күн өткесін алаяқ әлгі қымбат сыйлығының Қазақстанға келгенін, бірақ шекарада қиындықтар туындап қалғанын айтады. Сыйлықты алу үшін бір шекаралық алым не кедендік бажды төлеу керек екен дейді. Өзі шетелде болған соң төлей алмайтынын айтып, «ғашығына» мынаны төлей салшы деп бір төлемнің сілтемесін жөнелтеді. Сілтемені ашып, төлеген кезде ақша тікелей алаяққа кетеді.
6 қадам: жоқ болу
Содан соң алаяқ сізді бірден бұғаттайды. Ақшамен бірге өзі де жоқ болады.
Алдап жүргенін қалай білуге болады?
Біріншіден, виртуалды махаббаттың буына мас болмау керек. Үлде мен бүлде, байлық пен мөлдір махаббат туралы ертегілерге сенуге болмайды.
Екіншіден, жасанды интеллект дәуірінде кез-келген фотоны әп-сәтте қолдан жасай салуға болады. Қандай сыйлықтың фотосын жіберсе де, ол оның рас екенін білдірмейді.
Үшіншіден, егер сыйлық жөнелтіп жатса, оның жеткізу шығындарын төлеуді қашан да сізге артып қояды. Анығында, тауарды алушы ештеңе төлемеуі тиіс.
Төртіншіден, қандай жағдай болмасын, күмәнді сілтемелерді басуға болмайды. Төлем карталарыңыздың деректерін ешқашан бейреми сайттар мен қосымшаларда қалдырмаңыз.
Жуырда Kaspi.kz YouTube-каналында «Kaspi.kz алаяқтарға қарсы» деген айдармен жаңа ролик жарияланды. Онда алаяқтықтың дәл осындай схемасы туралы айтылады.
Еске салайық, Kaspi.kz Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің қолдауымен халық алаяқтарға жем болмау үшін ең кең таралған алаяқтық схемалары туралы бейнероликтер сериясын түсірді.
Жаңа видеолар әр екі апта сайын Kaspi.kz-тің ресми YouTube каналында жарияланып отырады.
Фото: youtube.com/@kaspikz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
07.02.2026,
10:00
09.02.2026,
15:00
11.02.2026,
09:00
07.02.2026,
18:00
Реклама
Реклама