Ду шапалаq
11.04.2026,
в 12:00
1699
Freedom Bank пен BI Group-тың жаңа өнімі – клиенттерге тұрғын үй-құрылыс жинақтары тетігі арқылы жаңа баспана сатып алуға арналған жеңілдетілген несие. Бастапқы жарна 30%-дан 50%-ға дейін, жылдық мөлшерлеме 5%-дан бастап (ЖТСМ 5,1%). Оның тағы бір артықшылығы – жылжымайтын мүлік нысандарының цифрлық витринасы құрылып, BI Group сатылымы басталған алғашқы үш күн ішінде клиенттер Freedom SuperApp қосымшасы арқылы тиімді шарттармен ипотека рәсімдей алады.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, клиенттер 30% бастапқы жарнамен, тұрғын үй несиесі бойынша жылдық 10% мөлшерлемемен (ЖТСМ 10,5%), 20 жылға дейінгі мерзімге қарыз ала алады. Алдын ала несие бойынша мөлшерлеме жылдық 10,5%-дан (ЖТСМ 11%) басталады. Алдын ала несие бойынша түпкілікті мөлшерлеме қарыз мерзімі мен депозитті жинақтау мерзіміне байланысты болады. Егер бастапқы жарна 50% болса, тұрғын үй несиесі бойынша мөлшерлеме жылдық 5%-ды (ЖТСМ 5,1%), 25 жылға дейінгі мерзімді құрайды, ал аралық несие мөлшерлемесі жылдық 7% (ЖТСМ 7,2%) болады.
Бағдарлама аясында зейнетақы жинақтарының шектен асатын бөлігін бастапқы жарна ретінде де, ипотекаға байланған депозитті толықтыру үшін де пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, депозитке ай сайын теңгемен табыс есептеледі, бұл жинақтау процесін клиенттер үшін тиімді әрі пайдалы етеді.
BI Group-пен жасалған келісім аясында Freedom Bank клиенттері Freedom SuperApp қосымшасы арқылы:
Өнімді іске қосу және компаниялар арасындағы келісімдерді жүзеге асыру ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.
«BI Group нысандарын сатып алу мүмкіндігін беретін жинақтау онлайн-ипотека – нарықта бұрын-соңды болмаған ұсыныс. Біздің классикалық цифрлық ипотекамыз сияқты, біз бұл концепті де жан-жақты ойластырып, нәтижесінде бірнеше басты артықшылықты біріктірдік: үй сатып алу үшін жоспарлы түрде жинақтау мүмкіндігі, нарықтағы барынша бәсекеге қабілетті мөлшерлемелер және ыңғайлы онлайн-сервис. Бұл өнім миллиондаған қазақстандықтарға баспана алудың ашық, жеңіл әрі экономикалық тиімді жолынашады деп сенемін», – дейді Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос ЖҰМАҒҰЛОВ.
«Біз әрқашан өнімге клиент көзімен қараймыз және сатып алу процесін барынша қарапайым әрі ыңғайлы етуге тырысамыз. Біздің компанияда тұрғын үйді ыңғайлы қаржылық құралдар арқылы сатып алуға мүмкіндік беретін жүйе қалыптасқан, ал Freedom Bank-пен бірге біз тағы бір мүмкіндік ұсынамыз – цифрлық рәсімдеуге болатын тиімді ипотека. Осындай ынтымақтастық құрғанымызға қуанамыз және тұрғын үй нарығындағы жаңа технологиялық деңгейге жетеиіз деп үміттенеміз», – деді BI Group холдингінің атқарушы директоры Ернар ЖАНӘДІЛ.
Фото: Freedom Bank.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
11.04.2026,
14:00
11.04.2026,
12:00
06.04.2026,
18:00
Реклама
Реклама