Keruen Inn: QazaqOil жолдағы сервистің жаңа стандартын құрды

Ду шапалаq

02.12.2025,

  в 10:00

818

Ірі көлік магистральдерінің бірінде желінің жаңа қонақүйі ашылды

Қазіргі Qazaq Oil – жай ғана жанармай құю бекеттері желісі емес. Бүгінде компания жанармай, сервис және жолаушыларға арналған жайлылықты біріктіретін толыққанды жол экожүйесін қалыптастырып келеді. Бұл стратегияның маңызды бөлігі – Keruen Inn жол бойындағы қонақүйлер желісін дамыту. Күні кеше екінші қонақ үй елдегі негізгі көлік артерияларының бірі – Самара-Шымкент трассасы бойында, Арал қаласына кіреберісте ашылды.

Жаңа Keruen Inn Жамбыл облысындағы алғашқы қонақүй болып, жол бойындағы заманауи жайлылық стандарттарын ұсынады. Кешеннің аумағы шамамен 900 шаршы метрді құрайды, мұнда жеке санитариялық тораптары, жоғары жылдамдықты интернеті және спутниктік теледидары бар бөлмелер орналасқан. Сондай-ақ гигиеналық жиынтықтар мен шай ішетін жабдықтар ұсынылған. Қонақтар үшін кір жуу орны, намазхана, супермаркет және күзетілетін автотұрақ жұмыс істейді, бұл жүргізушілер мен жолаушыларға жол алдында демалып, күш жинауға мүмкіндік береді.

Keruen Inn – Qazaq Oil экожүйесінің ажырамас бөлігі. Мұнда премиалды Tulpar жанармайын құятын заманауи жанармай станцияларын Q-Café гастрозоналары, dala market дүкендері, электромобильдерге арналған Qazaq Energy Charge қуаттау станциялары және қосымша сервистер – душ бөлмелері, пластикті қайта өңдеу пункттері, кітап сөрелері мен тіпті қазақстандық Global Nomad брендінің киімдерін сататын орындар толықтырады. Барлық қызметтер Vlife цифрлық платформасы арқылы біріктірілген, ол клиенттерге сервистерді басқаруға, бонустар жинауға, төлем жасауға және жеке ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.

«Біз жай қонақүй ғана емес, трассадағы барлық қажеттіліктерді толық қамтитын нысандар құрып отырмыз. Жолаушылар жанармай құйып, тамақтанып, демалып, жайлы нөмірлерде түнеп шыға алады. Жүк көліктерінің жүргізушілері үшін күзетілетін автотұрақ, душ бөлмелері және кір жуу орны қарастырылған. Мұндай кешендер жолдағы жайлылықты арттырады және елдің транзиттік әлеуетін күшейтеді», – дейді Qazaq Oil компаниясының дамыту жөніндегі директоры Бақытжан ТАСАНБАЕВ.

Keruen Inn желісін дамыту – компанияның заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған кең ауқымды стратегиясының бір бөлігі. Бұл тек сервистің сапасын арттырып қана қоймай, ішкі туризмді қолдайды, өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға және трасса бойындағы шағын қалалардың дамуына ықпал етеді.

«Біздің мақсатымыз – Қазақстан бойынша сапарларды барынша ыңғайлы ету. Біз Keruen Inn желісін кеңейтетін боламыз», – деп толықтырды Бақытжан Тасанбаев. Қазір Астана-Алматы және Батыс Еуропа – Батыс Қытай бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда, бұл компанияның жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту және нарықтағы позициясын нығайту жөніндегі стратегиялық ұстанымын дәлелдейді.

Фото: Qazaq Oil.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!