Ду шапалаq
30.12.2025,
в 10:00
446
Жанармай құю станциясына келген жүргізуші екі-ақ нәрсе күтеді – сапалы отын мен таза литр. Ал оны қамтамасыз ететін тұстардың бәрі әдетте, көзге көрінбейді. Qazaq Oil жанармай құю станциялары желісі дәл осы клиентке көрінбейтін бақылау жүйесін мұнай базасынан бастап жанармай құю колонкасына дейінгі барлық кезеңде жолға қойды.
Жанармай алдымен мұнай базаларында жеткізушілерден келіп түсе салысымен тексеріледі. Мұнда әрбір партиядан міндетті түрде сынама алынады. Оның регламенті қатаң: арнайы ыдыс қолданылады, үлгілерге пломба салынады, сынама алынған күні мен орны тіркеледі, мәліметтер сапаны бақылау жүйесіне енгізіледі. Бұл сынамалар нақты отын партиясының тарихы сықылды тіркеліп тұрады.

Бақылау бір тексерумен шектелмейді. Отынды мұнай базасында сақтау кезінде, сондай-ақ оны жанармай құю станцияларына әкелетін автоцистерналарға тиеу кезінде тағы да сынама алынады. Бұл отын сипаттамаларының тұрақты екенін және сыртқы факторлардың әсерінен өзгермегенін растауға мүмкіндік береді. Бақылаудың соңғы кезеңі жанармай бекетінде тікелей жасалады – сынамалар клиентке әлі сатыла басталмай тұрғанда резервуарлардан алынады. Мұндай тәсіл тасымал мен сақтау кезіндегі тәуекелдерді жойып, жанармай құю станциясындағы отынның мұнай базасында қабылданған отын сапасымен толық сәйкес келетінін растайды.
Алынған барлық үлгілер Алматы, Астана және Атырау қалаларында орналасқан Qazaq Oil компаниясының өзіне тиесілі аккредиттелген зертханаларына жіберіледі. Бұл ретте зертханалық кешен – сыртқы мердігер емес, мемлекеттік аккредитация талаптарына сай жұмыс істейтін ішкі инфрақұрылымның бір бөлігі. Дәл осы жерде отынды сатуға жіберу туралы шешім қабылданады.

Әрбір сынама ондаған физика-химиялық көрсеткіштер бойынша кешенді зерттеуден өтеді. Отынның тығыздығы, октан саны, фракциялық құрамы, тұтану температурасы тексеріледі, ал дизель отыны үшін – тұтқырлығы мен сүзілуі, әсіресе қыс мезгілінде маңызды көрсеткіштер. Сонымен қатар су мен механикалық қоспалардың құрамына ерекше назар аударылады, өйткені тіпті болмашы ауытқулардың өзі отын шығынының артуына, қозғалтқыш қуатының төмендеуіне және отын жүйесінің жұмысында ақауларға әкелуі мүмкін.
«Клиент тұрақты сапаны күтуге құқылы. Бақылау біз үшін – күнделікті жұмыстың бір бөлігі, және жүйенің барлық кезеңдерде дұрыс жұмыс істейтініне сенімді болуымыз керек», – деп атап өтті Qazaq Oil мұнай өнімдерінің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Мадина ТУТЕЕВА.
Бақылау зертханалық талдаулармен аяқталмайды. Ерекше назар аударатын тағы бір сала – жанармай бекетіндегі жабдықтың техникалық жай-күйі, ол құю дәлдігіне тікелей әсер етеді. Метрологиялық бақылау талаптарына сәйкес әр станцияда жылына екі рет жанармай тарату колонкаларының міндетті тексерісі жүргізіледі. Оның барысында отынның нақты берілетін көлемі анықталады, есепке алу тораптарының жұмысы тексеріледі және ықтимал техникалық ауытқулар анықталады. Егер кем дегенде бір параметр норма шегінен шықса, колонка ақаулар жойылғанға дейін бірден қолданыстан шығарылады.

«Тіпті жаңа жабдықтың өзі уақыт өте келе реттеуді қажет етеді. Температураның ауытқуы, жоғары жүктеме және табиғи тозу құю дәлдігіне әсер етеді», – деп түсіндіреді Мадина Тутеева.
Бақылау жүйесінің маңызды қағидаларының бірі – клиент үшін ашық болу. Отын сапасына күмән туындаған жағдайда жүргізуші ресми сынама алуды сұрата алады. Зерттеу нәтижесі бойынша клиент сынақтың ресми хаттамасын алады. Арбитраждық сынамалар 45 күнге дейін сақталады және қажет болған жағдайда клиенттің қатысуымен қайта зерттелуі мүмкін.
Құю дәлдігіне қатысты мәселелер де сол жерде шешіледі. Клиенттің өтініші бойынша жанармай бекетінің қызметкерлері өлшеуіш ыдысты пайдалана отырып техникалық құю жүргізеді, бұл колонка беретін отынның нақты көлемін көз алдында растауға мүмкіндік береді.
«Біз үшін клиенттің ешқандай сұрағы қалмағаны маңызды. Барлық әрекеттер ашық, ал нәтижелер ресми түрде расталған болуы тиіс», – дейді компания өкілдері.
Көпдеңгейлі бақылау, заманауи зертханалық база және клиенттерге деген ашықтық Qazaq Oil компаниясын нарықтағы сенімді компаниялардың бірі ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әр литрдегі адалдық – бұл отынның сапасын, жабдықты және барлық үдерістерді әр кезеңде бақылап отыратын мамандардың жүйелі әрі күнделікті еңбегінің нәтижесі.
Фото: Qazaq Oil.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
06.01.2026,
09:00
10.01.2026,
17:00
05.01.2026,
18:00
06.01.2026,
18:00
Реклама
Реклама