Ду шапалаq
02.12.2025,
в 13:00
869
Qazaq Energy Charge компаниясы жұмысын 2023 жылы бастап, содан бері Қазақстанның электромобильдік картасын қатты өзгертті. Тек соңғы бір жылда қуаты 80 кВт-тан 480 кВт-қа дейінгі 88 жаңа станция ашылды. Биыл жалпы 300-ші станциясы пайда болды.
Qazaq Energy Charge жұмыс істей бастаған уақыттан бері Қазақстандағы электромобильдер нарығы қарқын алды. 2025 жылдың тамыз айының басында елімізде 19 100 электромобиль тіркелген – бұл өткен жылмен салыстырғанда 79%-ға өсу. Сарапшылар бұл өсімнің негізгі себебін зарядтау инфрақұрылымының дамуымен байланыстырады.
Қазір Qazaq Energy Charge желісі мына маңызды жолдарды қамтиды:
Сонымен қатар,
Бұл енді электромобильмен алыс сапарға еркін шыға беруге мүмкіндік береді – туризм болсын, іскерлік сапар болсын. Мерке қаласындағы Qazaq Oil желісінің Keruen Inn қонақ үйінде 160 кВт қуат беретін 3 жылдам зарядтау станциясы орнатылды.

Сонымен қатар, Астанадағы Барыс Аренада жылдам зарядтау станциясы орнатылды. Qazaq Energy Charge жаңа жобаларды қолға ала береді, ол жобаларды қолдаудан «Astana» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы аянбай отыр.
Компания серіктестік желісін кеңейтіп келеді: зарядтау станциялары тек жанармай бекеттері мен қонақүйлерде ғана емес, сондай-ақ тұрғын үй кешендерінде және жеке кәсіпкерлік нысандарында да орнатылады.
Барша зарядтау процесі Vlife мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады – бұл локация картасын, коннекторлардың онлайн статусын, бонустар бағдарламасын және түрлі қажеттіліктерге арналған абонемент тарифтерін (100 кВт-тан 1000 кВт-қа дейін) біріктіретін бірегей экожүйе. Электромобиль иелері өз көліктерін ең тиімді тарифтермен зарядтап, ұпай жинап, зарядтаумен қатар Vlife серіктестерінің қызметтеріне: Keruen Inn қонақ үй желісі, жанармай бекеттері, дәріханалар, коммуналдық төлемдер, интернет, білім беру, сұлулық пен денсаулық қызметтері, қайырымдылық және басқа да қызметтерге пайдалана алады. Vlife – бұл iOS және Android жүйелерінде жұмыс істейтін супер-қосымша.
Ірі брендтердің мұндай ынтымақтастығы экологиялық жағдайды жақсартуға, заманауи электромобиль желісін дамытуға және бүкіл елдің транзиттік және туристік әлеуетін арттыруға бағытталған толыққанды ұлттық инфрақұрылым құрап отыр.
Фото: Qazaq Oil.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
21.01.2026,
10:30
21.01.2026,
15:00
22.01.2026,
12:00
21.01.2026,
09:00
Реклама
Реклама