Ду шапалаq
26.12.2025,
в 10:00
694
Семейде осымен үшінші Keruen Inn қонақүйі ашылды. Жаңа нысан Абай облысындағы ең жүктемесі жоғары жолдардың бірі – Семей-Павлодар тас жолының бойында ашылып, транзиттік және өңірлік маршруттарға арналған кешенді инфрақұрылымның бір бөлігіне айналды.
Keruen Inn – бір реттік жоба емес, кезең-кезеңімен дамып келе жатқан желі. Алғашқы қонақүй қыркүйек айында елдің оңтүстігінде, Алматы-Тараз-Шымкент автомагистралінде іске қосылды, кейін бұл формат Қызылорда облысындағы Арал қаласында кеңейтілді. Бүгін Семейде ашылған жаңа нысан заманауи жол бойы сервисіне деген тұрақты сұранысты растап, Qazaq Oil компаниясының Қазақстанның негізгі трассаларындағы аясын кеңейтеді.

Семей-Павлодар тасжолы аймақаралық қатынаста маңызды рөл атқарып, жолаушылар мен жүк тасымалының қарқынды ағынына қызмет көрсетеді. Мұндай бағыттарда жүргізуші тек жанармай құйып қана қоймай, толыққанды демалып, душ қабылдап, тамақтанып, электр көлігін қуаттап, бағытын өзгертпей жолын жалғастыра алатын функционалды аялдамалардың маңызы ерекше. Дәл осы қажеттіліктерді ескере отырып, Qazaq Oil трассалық жанармай құю бекеттері маңындағы жол инфрақұрылымын дамытуды жалғастыруда.
Нысанды іске қоспас бұрын компания көлік ағындарын, өңірлік ерекшеліктерді және саяхатшылардың әдеттерін талдады. Зерттеу нәтижелері қолжетімді әрі сапалы жатын жерге деген жоғары сұранысты көрсетіп, бұл қонақүй тұжырымдамасының негізіне айналды.
Семейде Keruen Inn қонақ үйін гибридті: 63 төсек-орынға арналған 21 нөмір. Бірінші қабат жол үстіндегі қысқа демалысқа арналған функционалды нөмірлерге бағытталса, екінші қабат отбасылық нөмірлерге бөлінген.

Барлық бөлмелер қонақүйлік жайлылық пен қауіпсіздік стандарттарына сай жабдықталған.


Үшінші Keruen Inn қонақүйінің ашылуы өңір үшін әлеуметтік-экономикалық маңызға да ие. Жоба жаңа жұмыс орындарын құрып, жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастықты кеңейтеді және Абай облысының транзиттік әрі туристік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
Keruen Inn желісін дамыта отырып, Qazaq Oil өзін тек жанармай ритейлері ретінде ғана емес, әрбір аялдамасы Қазақстан бойынша ойластырылған әрі жайлы маршруттың бір бөлігіне айналатын заманауи жол инфрақұрылымының операторы ретінде де нығайта түсуде.
Фото: Qazaq Oil.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
24.12.2025,
18:00
25.12.2025,
16:00
25.12.2025,
10:30
25.12.2025,
12:00
Реклама
Реклама