2026 жылы Қазақфильмге қатысты ауқымды өзгеріс болады

Қайтейік енді

08.12.2025,

  в 15:00

18

Елімізде иделогиялық тұрғыдан тартымды фильмдерге қолдау жасалады

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы біріктірілуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім болды.

— Кезінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылған болатын. Мәдениет министрлігі Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы мен аталған орталықты қосу мәселесін пысықтап жатыр. Өйткені орталықтың басты міндеті – құжаттарды тексеру. 2026 жылы осы екі ұйымды қосып, қайтадан «Қазақфильмге» тарихи міндеттерін орындау мүмкіндігі берілмек, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында. 

Ведомство ақпаратына қарағанда, елімізде иделогиялық тұрғыдан тартымды фильмдерге қолдау жасалады.

Фото: Александр Павский/ Kazinform.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!