Қайтейік енді
16.09.2025,
в 16:20
284
Түркістан облысында 56 жастағы азамат өз әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзі де дәретханаға барып асылып қалған. Сұмдық жағдай Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Күйеуінің мұндай қатыгездікке баруына қызғаныш себеп болған көрінеді. Себебі ол қанды қылмыстан кейін телефонына аудиожазба қалдырып кеткен дейді әйелінің туыстары.
Марқұмдардың артында кәмелетке толмаған төрт бала қалды.
Қанды қылмыс Қарамұрт аулында бес күн бұрын болған. Таңертең ұйқыдан тұрған балалар есіктің алды қанға малынып жатқанын көреді. Сәл әріректен анасының денесін табады. Шошыған балақайлар көршілері мен туыстарын шақырыпты. Әйелді көрген туыстары Ділнара МЫРХАДИЕВАНЫҢ басының мылжасы шыққанын айтады.
— Сіңлімді мына жерден ұрған кезде еті кіріп кеткен. Еті мына жерден шығып қалған. Мына жаққа тартып тігіп қойған, мына жағы жыртылған. Бәрін тігіп қойған. Сүйреген кезде қолының далағын шығарған. Денесінің сау жері жоқ, — дейді марқұм әйелдің әпкесі Мухаббат МЫРХАДИЕВА.
Көршілер түнде әйелдің бір сәт шыңғырған дауысын естігенін айтыпты. Мәйіт шыққан үйден туыстары қанға бөккен балғаны да тапқан.
— Балғаның мына жағы денесіне кірген, қан болып тұр. Өз көзіммен көргенім, балғаға шашы жабысып қалған, — дейді марқұм әйелдің ағасы Мырзакәрім Мырхадиев.
Жедел жәрдем шақырып абыр-сабыр болған жұрт Ділнараның күйеуін іздейді. Сөйтіп телефон шалғанда ауладағы дәретханадан қоңырау үні естілген. Есігін ашқанда жіпке асылып тұрған Нуриддин НИЗАМОВТЫҢ денесін көреді. Ол мойнына жіп салмас бұрын, телефонға аудиожазба қалдырып, бұл қадамға қызғаныштан барғанын айтып кеткен. Оны полицейлер тыңдатты дейді марқұмның туыстары.
— «Мен өз әйеліме қол жұмсадым» деген. Қалай жұмсағанын айтпаған. Себебі зина көбейіп кетті. Маған айтты, біреулер, «неге мынау машинада қатының жүр» дейді. Одан кейін мен сондай істедім дейді. Қызғаныштан болып жатыр ғой, — деді Мырзарахым Мырхадиев.
Дегенмен бір түнде көз жұмған ерлі-зайыптылар туралы көрші-қолаң жақсы пікірде. Жанжалдасқанын естіген емеспіз деп отыр. Ал полицейлер Нуриддин Низамов қылмыс жасап, өзіне қол салмас бұрын аудиожазба қалдырғанын растап отыр.
— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жергілікті тұрғын үйде жұбайына жарақатын салып, ол қайтыс болған, — делінеді Түркістан облысының полиция департаментінің ақпаратында.
Осы оқиғадан соң ер адам қылмыстың себептерін сипаттайтын аудиожазба қалдырып, өзін-өзі өлтірген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар атқарылып жатыр.
Бұл Нуриддин Низамовтың екінші некесі екен. Бірінші әйелінен үш бала қалса, екінші әйелінен төрт бала тұл жетім атанды. Қараусыз қалған балалар қазір оңалту орталығында. Үлкені 13-те, мүгедектігі бар кенжесі небәрі төрт жаста екен. Енді нағашылары жетімдерді «тезірек қолға алсақ» деп отыр.
Фото: КТК телеарнасы.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
14.09.2025,
10:00
12.09.2025,
15:02
10.09.2025,
15:19
12.09.2025,
09:00
Реклама
Реклама