Қайтейік енді
28.02.2026,
в 14:00
296
Алматы облысының Іле ауданындағы 61 саяжай аумағына ауыл мәртебесі берілді, деп хабарлайды Жетінші арна.
Олар негізінен Асқар Тоқпанов, Жәпек батыр, Жайнақ және Көкқайнар елді мекендерінің құрамына енді.
Сала мамандарының айтуынша, ауданда тағы 7 елдімекеннің бас жоспары қайта бекіген. Жуық арада 27 саяжай кооперативі сол ауылдардың құрамына кіргізіледі. Өйткені тұрғындар қазір саяжайларда жыл он екі ай бойы тұрады.
Мәселен, Ащыбұлақ ауылдық округіндегі саяжайларда халық саны қазірдің өзінде 44 мыңға жеткен.
Ауыл мәртебесі берілуі арқылы инфрақұрылым жақсарып, алдағы уақытта онда жаңа әлеуметтік нысандар ашыла бастайды. Сәйкесінше, коммуналдық төлемдер де біршама арзандайды.
– Халықтың сұрайтыны сол. Бізге көп нәрсе керек емес. Қоғамдық көлігіміз, содан кейін ауызсуымыз және жарық мәселесі. Біз, мысалы, саяжай болған соң көп төлейміз. Енді ол төмейндейді деген ойдамыз, – дейді «Береке» саяжайының тұрғыны Асхат МЕЛІСҰЛЫ.
– Саяжайлар елді мекен мәртебесін алған соң олардың инфрақұрлымы, жолы, электр энергиясының жасалуы нақты қанша уақытты алады деген сұрақтар туындауы мүмкін. Ал саяжайларда біздің округ бойынша 400-дей көше бар. Бұлардың бәріне бірдей асфалт төсеу, электр энергиясын жаңалау қиындық туғызады. Сол себепті бұл жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады, – дейді Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Бақтияр ҚАСЫМБЕКОВ.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
24.02.2026,
10:30
25.02.2026,
09:00
22.02.2026,
10:00
23.02.2026,
09:00
Реклама
Реклама