Қайтейік енді
25.09.2025,
в 15:00
218
Алматыда мәйіт көметін жер тапшы. Қазір қаладағы 70 зираттың 9-ы ғана жұмыс істеп тұр. Қалған 61-інде қайтыс болған адамды жерлейтін орын қалмаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Зираттың көбі жабық тұр. Ал жұмыс істеп тұрған тоғыз бейітте қазір шамамен 60 гектар бос аумақ бар. Бұл тек алдағы 6-7 жылға ғана жеткілікті дейді шенеуніктер.
Олар тапшылықтың алдын алуға тырысып жатыр. Алматы облысымен бірлесіп, адам жерлеуге болатын аумақтарды анықтаған. Қазір бұл жерлерді мемлекет меншігіне рәсімдеп жатыр.
Алматы қаласын зират жерімен қамту кезең-кезеңімен шешіледі дейді қала басшылығы.
Бұған қоса, жерді үнемдеудің бір тәсілі ретінде өңірде мәйіт өртеу орны да салынған. Крематорий қызметі нормативтік тұрғыдан реттелгенше, нысанды күтіп ұстау міндеті Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жүктелген.
Фото: ktk.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
20.09.2025,
10:00
19.09.2025,
16:16
24.09.2025,
09:00
Реклама
Реклама