Қайтейік енді
27.10.2025,
в 14:00
307
Ақтөбеде Психикалық денсаулық орталығының дәрігерлері жоқ нашақорларды емдеген болып шықты, деп хабарлайды Информбюро 31.
Белгілі болғандай, мекеме баяғыда қайтыс боп кеткен немесе басқа өңірге көшіп кеткен адамдар үшін миллиондаған бюджет қаржысын алып отырған.
Прокурорлар анықтағандай, лауазымды тұлғалар бұрынғы пациенттерді есептен шығармаған, сондықтан мемлекеттен ақша алуды жалғастырған.
Орталықта 205 адам тіркеуде тұрған. Сол «емделіп жүрген» науқастар үшін дәрігерлер биылдың өзінде екі жарым миллион теңге алған.
Прокуратураның тексерісінен кейін бұл қаражат бюджетке қайтарылды. Алты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
– Прокуратура органдары денсаулық сақтау саласында заңдылықты қамтамасыз ету және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану бағытында жұмыстарды жалғастыруда, – дейді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен ЕЩАНОВ.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
26.10.2025,
10:00
23.10.2025,
15:30
Реклама
Реклама