Қайтейік енді
17.11.2025,
в 15:00
305
Енді Астанаға келетіндердің саны азаюуы мүмкін. Себебі елордада тұрақты тіркеуге тұру қиындайды. Яғни, үй иесі туысыңыз болмаса тіпті уақытша тіркеуге де тұра алмайсыз, деп хабарлайды Информбюро 31.
Қазақстанда тұрғылықты жер бойынша тіркеудің электрондық форматы пилоттық жоба ретінде енгізілді. Бұдан былай азаматтар тек eGov порталы мен EgovMobile қосымшасы арқылы тіркеле алады. Бірақ жаңа жүйе бәрін бірдей қабылдай бермейді. Бұрынғыдай досыңның немесе танысыңның үйіне тіркелу енді тыйылады. Өйткені елімізде тіркеуге тұрудың жаңа жүйесі жұмысын бастады.
Бұдан былай тұрақты тіркеуге өтінішті тек eGov арқылы бере аласыз. Және Сіз туралы мәлімет автоматты түрде АХАТ, жылжымайтын мүлік кадастры, әлеуметтік база және еңбек платформасы арқылы тексеріледі.
Тіркеудің жаңа жүйесі бәрін “сүзгіден” өткізеді. Яғни, Астанаға ағылған қазақстандықтар тек туысының баспанасына ғана тіркеле алады. Ал ондай жақының табылмаса – амал жоқ ауылыңа қайтуға тура келеді.
– Белгіленген нормативтерден тыс тіркеу кезінде азаматтардың көрсетілген санаттарға қатынасын растайтын мәліметтері көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен не азаматтар ұсынған құжаттар бойынша интеграциялық өзара іс-қимыл шеңберінде алады. Егер тіркелген адам жүйеде студент немесе туыс ретінде болмаса оған аталған санат бойынша тіркеуден бас тартылады, – дейді ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Айнұр БАЙГЕЛЕНОВА.
Ал өтініш бойынша туыстық қарым-қатынасы немесе студент екені расталмаса, өтініш қабылданбайды. Яғни, пәтер иесі жақыныңыз болса жарайды, ал егер жай таныс болса – тіркеу тоқтатылады. Мұндай жағдайда eGov арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барып шағымдануға болады.
Сондай-ақ, электронды өтініште көрсетілген үйде қанша адам тұратынына дейін есептеледі. Баспананың бір адамға шаққандағы шаршы метрі 15-тен асып кетсе, басқа мекенжай іздеуге тура келеді. Айта кетейік, пилоттық жоба 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
16.11.2025,
12:00
16.11.2025,
14:00
11.11.2025,
12:00
12.11.2025,
09:00
Реклама
Реклама