Қайтейік енді
18.12.2025,
в 15:00
366
Жыл басынан бері Атырау облысында айыппұл берешегі бар 3 138 шетелдік нөмірлі автокөлік айып тұрағына қойылды. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің процессинг орталығының бастығы Жеңіс ДӘУЛЕТОВ мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша елде тіркелмеген шетелдік нөмірлі автокөліктерге қатысты 161 құқықбұзушылық анықталып, 4,6 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілген. Ал тіркелмеген көлік құралын басқару дерегі бойынша 559 құқықбұзушылық белгілі болды. Өндірілген айыппұл көлемі 24 миллионға жуықтайды.
Спикердің айтуынша, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға 2023 жылғы 17 шілдеде рұқсат берілген. Осы кезеңде 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген 3 911 автокөлік 5 жыл мерзімге уақытша есепке алынған.
– «Жол жүрісі туралы» заң талаптарына сәйкес, қазіргі уақытта ел аумағына әкелінетін көлік құралдары 10 жұмыс күні ішінде міндетті түрде тіркелуі тиіс. Ал көлік құралының заңды құжаттары болмаған жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік көзделген, – деді Ж. Дәулетов.
Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес ел аумағында рөлі оң жақта орналасқан автокөліктерді бастапқы тіркеуге қоюға, сондай-ақ оларды жолаушылар мен жүк тасымалдау және такси қызметінде пайдалануға тыйым салынған.
Фото: dzen.ru.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
12.12.2025,
13:00
17.12.2025,
12:00
18.12.2025,
13:30
Реклама
Реклама