Атышулы автолизинг кімге қалай берілетіні әлі түсініксіз

Қайтейік енді

26.11.2025,

  в 15:00

477

Шамамен бір аптадан соң автолизинг тетігі күшіне енеді

Көлікті лизингке рәсімдеген қазақстандықтар толық құнын өтей алмаса, кері қайтарып беруге құқылы. Яғни, автосалон басыбүтін сатып алуға міндеттемейді, деп хабарлайды Информбюро 31.

Автолизинг шарттарын көлікті берген компания бекітпек. Шамамен бір аптадан соң автолизинг тетігі күшіне енеді. Бірақ әзірге нақты шарттары мен талаптары белгісіз.

Бастысы, жаңа көлікті лизингке рәсімдеген адамға оны толық сатып алу не қайтарып беру құқығы ұсынылады – деді шенеуніктер.

Ал, процедура азаматтық заңнамаға сәйкес реттелмек.

Сондай-ақ, әр автосалон мен лизингтік компанияға пайыздық мөлшерлеме мен лизинг мерзімі жеке белгіленетінін де айта кеткеніміз жөн.

Бұл тетік өндірушілер үшін Қазақстанда жасалған машиналарды сату нарығын кеңейтеді. Жеке тұлғалар қалаған көлігін лизингке алып, кейін оны сатып алуға немесе кері қайтарып беруге құқылы болады. Ал, автокөліктерді жеңілдетілген несиелеу мәселесі Өнеркәсіп министрлігінің құзыретінде, – дейді ҚР сауда және интеграция вице-министрі Айдар ӘБІЛДАБЕКОВ.

Фото: gov.kz.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!