Қайтейік енді
14.12.2025,
в 18:00
528
Теректі аудандық сотында Магистраль орта мектебінің директоры Гауһар ОРАЗОВАҒА қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Сот қаулысынан мәлім болғанындай, биыл 4 желтоқсанда сағат 18.50 шамасында Құмақсай ауылында Г. Оразова Hyundai Elantra автокөлігін масаң күйде басқарған.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, қымыз ішкенін, одан алкогольдік масаю болатынын білмегенін алға тартты.
Медициналық куәландыру қорытындысы жеңіл күйдегі масаң күйді көрсеткен. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін білдірді.
Сот қаулысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес Г. Оразова жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Оның кәмелетке толмаған жас балалары бар екендігі ескеріліп, әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылмады.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі аталмыш мектеп директорына сөгіс жарияланғанын жеткізді.
Фото: freepik.com.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
25.01.2026,
21:37
30.01.2026,
09:00
27.01.2026,
09:00
29.01.2026,
16:21
30.01.2026,
10:30
Реклама
Реклама