Қайтейік енді
07.10.2025,
в 15:04
356
Мемлекеттің миллиардына түсірілген мультфильмдер көрерменге жетпей, ешкімге керексіз болып тасада қалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Олай дейтініміз, соңғы бес жылда «Қазақфильм» киностудиясы балаларға арналған 47 мультфильмді түсіріпті.
Соның тек төртеуі ғана телеарналардан көрсетіліп, 12-сі Qazaq animation платформасына жүктелген. Жоғары аудитор палатасы жүргізген есепке сәйкес, қалған жұмыстың тағдыры белгісіз. Ал «Қазақфильмге» қарасты Qazaq animation-ға жүктелген мультфильмдердің қаралымы тым аз. Себебі оның YouTube арнаға жазылушылар саны бес жүз адамның ар жақ, бер жағы екен. Қалған жұмыс – қалың қарашаға тарату үшін онлайн-кинотеатрлар мен медиақосымшалармен жүргізілген келіссөздер де аяқсыз қалған деп хабарлайды жоғары аудитор палатасы.
ҚР Жоғары аудитор палатасы:
— 2019 бен 2024 жылдар аралығында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы 47 анимациялық фильм өндіреді. Алайда, тек 4 анимациялық кино ғана El Arna, «Хабар», Qazaqstan, Balapan каналдарынан көрсетілген. «Менің атым Қозы» 1 серия, «Менің атым Қозы» 2 серия «Масалар», «Менің атым Қозы» 3 серия «Әженің аквариумын құтқару» және «Батыл қояндар». Ірі кинотеатрлардың экранында жаппай бұқараға бұл мультфильмдер көрсетілмеген. Ал, Qazaq Animation платформасына жүктелген жұмыстың қаралымы аз болған, нақтылай өтсек, 53 тен 975 қаралымға дейін.
Фото: скриншот.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
26.10.2025,
10:00
23.10.2025,
15:30
28.10.2025,
09:00
Реклама
Реклама