Қайтейік енді
05.01.2026,
в 14:40
446
5 желтоқсанда таң атысымен қазақстандықтар Halyk Bank-тің мобильді қосымшасына кіре алмай қалды.
Банк қосымшасы әрең дегенде бір ашылса, оның өзінде «Біз өте көп сұраныс өңдеп жатырмыз. Сәл кейінірек қайталап көріңіз…», деген хабарлама шығып тұр.
Көпшілік дәл қазір не шотын көре алмай, не кредитін төлей алмай отыр.

Бар ақпарат бойынша, банктің серверлері істен шығып, казір банктің техникалық қызметі бұл олқылықтарды жөндеп жатқан көрінеді.
– Қазіргі уақытта Halyk SuperApp қосымшасында жүйелерге түсетін жүктеменің артуына байланысты уақытша техникалық шектеулер байқалуда. Банктің мамандар командасы сервистердің тұрақты әрі толыққанды жұмысын қалпына келтіру және тұрақтандыру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Банк шектеулерді мүмкіндігінше тезірек жою және қызметтерге тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Клиенттер мен серіктестерге түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреміз, — деген хабарлама таратты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.
Фото: yandex.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
21.01.2026,
10:30
25.01.2026,
21:37
21.01.2026,
15:00
22.01.2026,
12:00
Реклама
Реклама