IQ көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде төмендеді

Қайтейік енді

02.02.2026,

  в 16:00

269

Рейтингте Қазақстан Эфиопия мен Иорданиямен көрші боп тұр

International IQ Test порталы әлемнің 137 елінде интеллект коэффициенті IQ-ді зерттеп, қорытындыларын жариялады.

Рейтингті әзірлеу барысында 1,2 миллион адам тестілеуден өткен, делінеді жобаның сайтында. Барлық қатысушыға бірдей тапсырмалар берілген.

Рейтингтегі бірінші орынды Оңтүстік Корея тұрғындары иеленді – олардың орташа көрсеткіші 106,97 балл. Екінші орында Қытай (106,48 балл), ал үздік үштікті Жапония (106,3 балл) түйіндеді.

Картадағы түс неғұрлым қою болса, елдің орташа IQ көрсеткіші соғұрлым жоғары.

Одан кейін Иран (104,8 балл) мен Аустралия (104,45 балл) орналасқан, алтыншы орында – Ресей (103,78 балл). Сондай-ақ үздік ондыққа Сингапур, Моңғолия, Жаңа Зеландия және Вьетнам енді.

Қазақстан 95,92 балл орташа нәтижемен 80-орынға тұрақтаған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш шамамен екі балға төмендеген. Рейтингте Қазақстан Эфиопия мен Иорданиямен көрші боп тұр.

IQ көрсеткіші ең төмен елдер қатарында Ангола, Никарагуа, Руанда, Шығыс Тимор және Сомали тұр.

Фото: iStock.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!