Қайтейік енді
05.03.2026,
в 13:30
107
Алматы облысы Көкөзек ауылының тұрғындары тоқтың бағасына жаппай наразылық білдіріп жатыр. Себебі елдімекеннің электр желісіне иелік еткен үш жекеменшік компания тарифті ай сайын өсіретін болған, деп хабарлайды Информбюро 31.
Қазір бір айлық жарық ақысы кемінде 20 мың теңгеге жетіпті. Бірақ сол қымбат тоқтың өзі ауылда күнде бола бермейді дейді халық.
Көкөзектегі жарық мәселесі көптің сабырын сарқылтып, ашуын кемерінен асырғандай. «Бос уәдеден шаршадық» деген тұрғындар енді Қарасай ауданы мен ауыл әкімдігіндегілердің толық қызметтен кеткенін талап етеді.
Себебі жалғыз ауылдың жарығын 3 жекеменшік бөліп билеп, білген бағасын қойып жатқанда шенеуніктердің бірде бірі мәселені шешуге тырыспады дейді.
– Частниктер зачем бізге. Мемлекетке өтсін. Надоел уже. Тарифтердің бағалары аспанда! Хватит уже! Біз кредит төлейміз бе, азық-түлік аламыз ба не істейміз? Надоели уже, хватит, – деп айғай салды Көкөзек ауылының тұрғыны Айжан ОМАРОВА.
– 5 жыл болды ғой осы жырмен жүргенімізге. Үнемдеп қолданғанның өзінде 20 мың теңгеден түспейді светтің құны. Ал сапасы жоқ. Бағасына сай сапаны алып жатқан жоқпыз. Күнде өшеді, күнде кешке кипиш, – дейді Болат МЕЙІРЖАНОВ, Көкөзек ауылының тұрғыны.
Тұрғындардың айтуынша, бір трансформатордың өзіне қазір 300-ден астам үй қосылған. Алайда құрылғы ондай ауырлықты көтере алмайды, екі күннің бірінде істен шығып жарықсыз қаламыз дейді.
Халық электр желісін де ретке келтіруді талап етеді.
Ал Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Көкөзектегі жекенің қолындағы үш трансформатор жыл аяғына дейін мемлекет балансына өтеді деп сендірді.
– Бүкіл трансформатор қазір частныйдың балансында. Жеке кәсіпкерлер басқарады. Ол бойынша қыркүйекте аламыз деп келіскенбіз тұрғындармен, – дейді Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан ТӨЛЕПБЕРГЕН.
Дегенмен тұрғындар ақ жағалылардың бұл сөзіне де аса сенбейді. Себебі былтыр да, оның алдыңғы жылдары да уәдені аямаған, бірақ орындамаған дейді. Бірақ электр желісі мемлекеттің балансына өтсе, Көкөзектің жұрты жарыққа ел қатарлы төлейді. Бұл әкімдік өкілінің тағы бір уәдесі.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
02.03.2026,
09:00
27.02.2026,
13:30
01.03.2026,
16:00
27.02.2026,
12:00
27.02.2026,
10:30
Реклама
Реклама