Қайтейік енді
26.02.2026,
в 13:30
183
Көктөбеге көтерілу құны тағы қымбаттады. Алматы алақандағыдай көрінетін шыңға көлікпен кіру үшін енді 25 мың теңге төлеу керек. Бұл Көктөбенің қақ төріндегі тұрақтың ақысы. Алайда қазіргі бағаны қалалықтар ғана емес, туристер де қалтаға ауыр деп отыр, деп хабарлайды Информбюро 31.
Алматының Көктөбесіне кіру құны ақпаннан бастап қымбаттады. Енді саябақ аумағына көлікпен өту үшін постта 25 мың төлеу керек. Бүгінде бұл баға көптің шамбайына тиген сыңайлы. Келушілер автобус билеттерінің де құны өскен дейді.
– Осыдан жарты жыл бұрын ғана 15 мың теңгемен шыққанбыз. Одан бері сонда 100 пайызға өсіп тұр ғой баға. Астында автобусқа мінейік десек ол жақта да баға қымбаттаған. Адам басына келіп-кетуге 4 мың теңге. Мен адамдарымды есептегенде бәрібір сол баға шығып тұр. Сонымен машинамен шықтым, енді не істеймін, – дейді турист Таңжарық БАЗАР.
Көктөбеге бүгінде мемлекет емес, жекеменшік компания жауапты. Шығу, кіру, аспалы жол бағасын солар белгілейді. Алайда «Көктөбе» саябағы өкілінің сөзіне сенсек, билет құны пайдаға кенелу үшін көтерілмеген.
– Коммерциялық мақсатта емес, көліктің санын азайту мақсатында жасалған. Өздеріңізге белгілі. Саябақ ол экологиялық зона. Ол жерде біз көлік санына шектеу қоюмыз керек. Бірақ заң бойынша біз көліктерге басқаша шектеу қоя алмаймыз. Тек осылай бағаның өсуімен қоямыз, – дейді «КӨКТӨБЕ» саябағының өкілі Фархат УӘЛИЕВ.
Саябақ өкілдерінің айтуынша, құны 25 мың теңгеге жеткен бұл тұраққа 96 көлік сыяды. Бірақ маусымның қызған шағында баға көтерілгеніне қарамастан ине шаншар орын қалмайды дейді. Тіпті адам жүретін жолға дейін машинасын қалдырып кететіндер бар екен. Сол себепті де Көктөбе саябағы көлік тұрағының бағасын тағы көтеру мүмкін.
Басында тіпті 30 мың теңгеге көтеру жоспарланған. Парк әкімшілігінің мәлімдеуінше, түскен қаржы түгел Көктөбені жуып-тазалауға, күтіп-ұстауға жұмсалады.
Айта кетсек, саябаққа автобуспен кіріп-шығу құны қазір 4 мың, ал 6 мен 12 жас аралағындағы балаларға 1800 теңгені құрайды. Ал аспалы жолмен барып-қайту 10 мың теңге, жасөспірімдерге 5 мың теңге тұрады.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
20.02.2026,
12:00
24.02.2026,
10:30
25.02.2026,
09:00
22.02.2026,
10:00
23.02.2026,
09:00
Реклама
Реклама