Қайтейік енді
06.01.2026,
в 13:30
448
Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен ипотека төлейтіндерге салықтан жеңілдік беру тоқтады. Есесіне биылдан бастап жұмыс істейтін барлық азаматқа қолжетімді базалық салық шегерімінің мөлшері өсті. Сәйкесінше жалақы сомасы көбеймек, деп хабарлайды Информбюро 31.
Бұл мүмкіндікті қолдану үшін мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, өтініш жазып, есепшіге құжат жинаудың қажеті жоқ.
Қазақстанда жеке табыс салығының жеңілдіктері қысқарды. Енді жалақыдан ай сайын ұсталатын қаржы бойынша ғана шегерім беріледі. Есесіне базалық шегерімнің мөлшері осы жылы екі есеге көбейді. Мысалы 300 мың теңге айлыққа жұмыс істегендер бұған дейін қолға 243 мың теңге алып жүрсе, осы айдан бастап 250 мың 575 теңге алады. Яғни, 6 мың 920 теңгеге артық.
Және жеңілдікті қолдану үшін бухгалтерге есеп беріп, ай сайын түбіртек жинаудың қажеті жоқ.
– Бізде жалпыға қолданылатын салық шегерімі 30 айлық есептік көрсеткішке өсті. Бірақ одан қалтамыз ай сайын көп болса 10 мың теңгеге толар. Үкімет жеңілдік сомасын арттырды, есесіне ипотекасы барларға, көпбалалы отбасыларға, медициналық қызметтерге арналған шегерімдерді алып тастады, – дейді салық сарапшысы Айдар МАСАТБАЕВ.
Иә, биылдан бастап шегерімнің тек үш түрі ғана бар. Олар жалпыға арналған бәріне ортақ базалық, одан кейін әлеуметтік төлемдерге қатысты және 1,2 топтағы мүгедектерге, ардагерлерге арналған жеңілдіктер.
Экономистердің пікірінше, салықтан қанша қаржы қайтса да дәл қазіргі қымбатшылықтың кесірінен пайдасы білінбейді.
– Инфляцияның дәрежесі 10-12 пайыз болып жатыр. Соған байланысты 7-8 мың теңгенің қайтарылып келуі айтарлықтай әсерін тигізеді деп айта алмаймын. Бірақ та көптеген азаматтар үшін, ең төменгі жалақыға өмір сүретіндер үшін жаңағы қаражат олардың коммуналдық шығындарын, күнделікті тұрмыстық шығындарының бір шетін жабуға да мүмкіндік береді, – дейді экономист Бауыржан ЫСҚАҚОВ.
Айта кетсек, былтыр ипотека бойынша салық шегерімін қолдану мүмкіндігі Отбасы банктен бөлек, басқа банктердің қарыз алушыларына да ұсынылатыны айтылды. Бірақ ол игілікті қолданып үлгергенше, жабылып тынды.
Көпбалалылар мен ұл-қызы ақылы оқитындарға да жеңілдік болады деп сүйіншілеген едік. Оның да іске асқаны шамалы.
Ал сарапшылар қазіргі шегерімнің пайдасы айлығы 140 мың теңгеден аспайтындарға ғана сезілуі мүмкін деген пікірде.
Фото: inbusiness.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
21.01.2026,
10:30
25.01.2026,
21:37
21.01.2026,
15:00
22.01.2026,
12:00
Реклама
Реклама