Қайтейік енді
06.08.2025,
в 18:36
366
Шу аудандық сотында қарызды өндіріп алу туралы талап-арыз бойынша азаматтық іс қаралды.
Сөйтсек, бір кісі “өзім уақытылы төлеймін” деп ант-су ішіп, танысын банктен 1,9 млн теңге кредит алуға көндірген екен.
Бірақ ақшаны алған соң берген уәдесінің бәрі далада қалып, о кісі түк те төлемепті. Банк төленбей жатқан кредитке пайыздарын қосып, қарыздың сомасы 3 млн теңгеге дейін өскен.
Анау “Алған кредитіңді төлесеңші” деп мың жерден жалынса да, мынау міз бақпапты.
Ақыры кредит алып берген адам сотқа жүгінуге мәжбүр болды
Сот татуластыру арқылы тараптарды медиативтік келісімге жеткізіп, оның шарттары бойынша жауапкер ай сайын 200 мың теңге мөлшерінде берешек төлеуге міндет алды.
Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.
Фото: the-steppe.com.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
08.08.2025,
21:25
06.08.2025,
15:28
09.08.2025,
10:34
08.08.2025,
15:30
Реклама
Реклама