Қайтейік енді
27.02.2026,
в 15:00
191
Қазақстанда төленбеген несие үшін тіпті жүргізуші куәлігінен де айырады. Яғни, жеке сот орындаушылары борышкердің банк картасын бұғаттап қана қоймай, тиісті қаулы шығарып көлік айдау құқығынан шектеу мүмкін, деп хабарлайды Информбюро 31.
Несие, айыппұл, алимент, өзге адамның алдындағы қарыз сияқты борыштар өтелмесе, банк картасын бұғаттау – жазаның жеңіл түрі. Істі жеке сот орындаушысы қолға алса, шетелге шығуға тыйым салу былай тұрсын, тіпті жүргізуші куәлігін тартып ала алады.
Алайда бұл шара берешегі 1 миллион 81 мың теңгеден асқандарға қолданылады.
– Жүргізуші куәлігін тоқтату ол 250 АЕК, ал заңды тұлғаларға және компанияларға 1250 АЕК-тен асса қолданылады. Егер борышкерде алимент бойынша, ай сайын төлейтін ақшасы 3 айдан артық төленбесе, ол кезде сомаға қарамайды. Біз барлық әрекетті қолдана береміз, – дейді Дамир ШАХАНОВ, жеке сот орындаушысы.
Ал куәлігінен айырылған азамат борышын өтегеннен кейін ғана құжатын қайтарады. Заңгерлердің айтуынша, жеке сот орындаушылардың бұл әрекетінен азаматтардың құқығы бұзылмайды. Себебі шара қолданылмаса, қарыз беруші тараптың құқығы сақталмайды дейді. Оның үстіне заңға сәйкес, жеке сот орындаушылары істі ресми тіркеуге, прокуратура мен соттан шешім алуға міндеттелген.
– Жеке сот орындаушының өзіне байланысты. Қаншалықты заң бойынша жұмыс істейтіні. Егер де оның іс-әрекетінде заңсыздықтар болып жатса, ол кезде айыпты тараптың өкілі сотқа шағымдана алады, – дейді заңгер Алина ШЫНТАЕВА.
Дегенмен жүргізуші куәлігінен айыру соттың шешімімен ғана іске асырылады. Көлік айдауды шектеу туралы қаулы шықса, ол іс полицияға жолданады. Құзырлы орган жүргізушіні анықтап, куәлігін тәркілейді. Алайда жеке сот орындаушысы істі қолға алған сәтте борышкер күнделікті нанын көліктің арқасында тауып отырғанын ескертіп, дәлел ұсынса рөлге отыру құқығынан айырылмауға мүмкіндігі бар.
Айта кетсек, кредит, алимент, айыппұл сынды қарыздарды қайтармаудың түбі әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін апару мүмкін.
Фото: gov.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
24.02.2026,
10:30
25.02.2026,
09:00
22.02.2026,
10:00
23.02.2026,
09:00
Реклама
Реклама