Қайтейік енді
27.03.2026,
в 14:30
458
Алматы облысында Наурыз мейрамына қарсы шығып, даулы мәлімдеме жасаған блогер ұсталды. Полиция оның әрекетінен діни алауыздықты қоздыру белгілерін анықтап, қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды juzmedia.kz.
1991 жылғы азамат TikTok желісінде Наурызды «мұсылман мерекесі емес» деп атап, оны тойлауға тыйым салуға шақырған. Ол бұл мейрамды парсылық дәстүрге балап, қазақтар үшін тек Ораза мен Құрбан айтты ғана заңды мереке деп санаған. Бұл видео қоғамда үлкен наразылық тудырды. Желі қолданушылары блогерді ұлттық құндылықтарға нұқсан келтіріп, ел ішіне іріткі салды деп айыптады.
Ішкі істер министрлігі мониторинг кезінде видеоны анықтап, күдіктіні бірден уақытша ұстау изоляторына қамады.
«Биылғы жылдың 23 наурызында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok платформасында жарияланған видео анықталды. Онда Наурыз мерекесіне қатысты діни және этномәдени сипаттағы жария мәлімдемелер жасалған. Жедел іс-шаралар барысында 1991 жылы туған К. есімді азамат анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді ІІМ.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Айта кетейік, Қазақстан халқы үшін Наурыз – діни жоралғы емес, тарихтан тамыр тартатын, бірлік пен жаңаруды айшықтайтын жалпыұлттық мәдени мереке. Биыл бұл мейрам тіпті Нью-Йорктің Таймс-сквер алаңында да салтанатты түрде атап өтілді.
Фото: diapazon.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
25.03.2026,
10:00
26.03.2026,
18:00
21.03.2026,
15:00
25.03.2026,
13:00
Реклама
Реклама