Қайтейік енді
09.04.2026,
в 18:00
46
Қазақстанда әлеуметтік желілерде несиені кешіруге көмектесемін дейтін ақылы қызметтер көбейді. Алайда Қаржы нарығын реттеу агенттігі қарызды жеңілдетуді ұсынатын адамдарға жүгінбеуге шақырды. Себебі банк пен борышкер арасындағы делдалдардың пайдасынан зияны көп. Оларға жүгінгендер керісінше несие тарихын құрытып, екі есе шығынға тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Несиеге қатысты көмек ұсынушылардың қызметінің құны шамамен 50 мың теңгеден басталады. Ақшаны төлесең қарызды кешіру былай тұрсын, тіпті бұғатталған картаны ашуға уәде береді. Алайда Қаржы нарығын реттеу агенттігі өкілдері кредит бойынша көмекшілерге жүгініп пайдасын көргендер жоқтың қасы дейді. Сол себепті қарыз берген банктің өзімен ғана жұмыс істеуге кеңес берді.
– Мысал ретінде қарайтын болсақ, бір азаматтың қиын жағдайға түсіп, төлеуге қаблеті төмендеді дейік. Ол уақытты созбау керек, бірден өзінің несие берген қаржы ұйымына хабарласуы керек. Ол кезде жағдайын тексере отыра, шынында да бәрі айтқанындай болатын болса, қажетті құжаттарды ұсынатын болса, онда кредиторға оған көмектескен де дұрыс. Себебі өзінің клиентінің графикте болғаны ол қаржы компаниясына жақсы. Сол кезде бәрі дәйекті түрде құжаттармен берілетін болса, онда көмектеседі, – дейді Ернар ОРАЗБАЕВ, қаржы сарапшысы.
Сарапшылардың пікірінше, азаматтар «делдалдардан ғажайып күтудің» кесірінен уақыт жоғалтып алады. Қарыз кешіріледі деген үмітпен жүргенде, берешек өсіп келісімге келу мүмкіндігі азаяды дейді.
– Қарыз алушы қиын жағдайға түсіп қалған жағдайда, заң бойынша 30 күн ішінде жүгінуге болады. Кредиттік ұйымға шағым тастайды және де керекті құжаттарын беру керек. Кредиттік ұйымдар, ол жаңағы банктер, микроқаржы ұйымдары, олар заң бойынша қарыз алушының шағымы мен документ-құжаттарын толық тексеріп, нақты бір шешім шығарып, жауап беруі тиіс, – дейді Дәмилә БАЙДІЛДАЕВА, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бастығы.
Мамандар қарыз мәселесін шешудің ең дұрыс жолы – кредитормен тікелей байланыс орнату, ал уәделерге ақша жұмсамауға кеңес берді.
Фото: astanatv.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
03.04.2026,
11:00
03.04.2026,
12:08
04.04.2026,
14:00
03.04.2026,
09:00
Реклама
Реклама