Өскемен көк түтінге оранып тұр

Қайтейік енді

03.02.2026,

  в 16:00

277

Қала тұрғындардың жүріп-тұруы қиындады

Өскемендіктер көк түтінге тұншығып жатыр. Бес күннен бері шаһар тұрғындарының көшеде жүріп-тұруы қиындаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Колледж студенттері мен мектеп оқушыларын да жаппай онлайн оқуға көшіруге тура келіпті.

– Бүгін Өскемен қаласының мектептері қашықтан оқып жатыр. Енді келесі жолы үш күн қатарынан қолайсыз жағдай туындап, сондай ақпарат алсақ, төртінші күні міндетті түрде қашықтан оқытуға жібереміз, – деді Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысы Думанғазы АРЫНҒАЗИН.

Шаһарды көк түтін тұмшалағалы бесінші күн. Желдің жоқтығынан аспанда түтін қалқып тұр.

Дегенмен шенеуніктер ауаның адам денсаулығына зияны жоқ екенін айтып отыр. Себебі, тексеріс барысында атмосфераның ластанбағаны анықталыпты. Тіпті олар зауыттардың сүзгілерін де толық тексерілгенін айтуда. Ал Өскеменді жиі түтін басуына көліктер мен жер үйлердің көптігі себеп көрінеді.– Желсіз күндерде олар өндіріс жүктемесін 20-40 пайызға дейін төмендетеді. Сонымен қатар көктем, жаз және күз мезгілдерінде қаладағы зиян шығарындылар қолайлы ауа райының әсерінен табиғи түрде таралып кетеді. Экология департаменті мен «Қазгидромет» атмосфералық ауаның жай-күйіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады, – дейді ШҚО әкімі баспасөз қызметінің ресми өкілі Талғатжан МҰХАМЕТБЕКҰЛЫ.

Фото: © Hronika.kz / Антон Сергиенко.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!