Оралда тағы бір «ішіп алған» шенеунік ұсталды

Қайтейік енді

14.11.2025,

  в 18:00

193

Түнгі сағат екіде көшеде тұрған жігіттерді тоқтатқан полицейлер хаттама толтыра салды

Оралдық шенеунік көшеде сыра ішіп, көзге түсті. Тағы бірі  қызметтік көлігін жеке мақсатына пайдаланған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Түнгі сағат екіде көшеде тұрған жігіттерді тоқтатқан полиция оларға қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін ескерту жасап, хаттама толтырған. 

Лауазым иесі кінәсін мойындап, салынған айыппұлды дереу төлеген.

Дегенмен Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері оны тәртіптік жауапкершілікке тартқан жөн деп шешті.

Жалпы соңғы екі жылда өңірде оннан астам шенеуніктің мас күйінде көлік жүргізгені анықталған.

— Профилактикалық бағыттағы жұмысты да жүргіземіз. Қазір әдеп жөніндегі уәкілдердің де институты бар. Бірақ соған қарамастан, бірқатар өзіміздің әріптестеріміздің тарапынан осындай этикалық бұзушылықтарға жол беріледі. Бірақ оған қарамастан, олардың жауапкершілігі міндетті түрде қаралады, — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚОД басшысы Мұрат БАЙСАЛОВ.

Фото: istockphoto.com.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!