Қайтейік енді
16.12.2025,
в 18:00
211
Алматы облысының тұрғындары қыстың қақаған аязымен емес, күн сайынғы жарық пен жылудың жоқтығымен күресіп келеді. Сағаттап өшетін электр тоғы қарапайым тіршілікті күрделі сынаққа айналдырған, деп хабарлайды Информбюро 31.
Азынап тұрған үйлерде балалар да жиі ауырады дейді ашынған жұрт. Сөздеріне сенсек, әкімдікке мәселені бірнеше рет айтқанымен, еш нәтиже болмапты.
Жаңалық ауылының тұрғындары әлі күнге дейін жарыққа жарымай отыр. Айтуларынша, жел тұрса, электр тоғы бірден сөнеді. Ол өшсе, бүкіл тіршілік тұралайды. Өйткені пеш қосылмайды, қытымыр қыста үй ішінде жылу да болмай қалады.
– 8 сағат свет болған жоқ. Свет болмағаннан кейін от жаға алмадық. От жақпағаннан кейін үйдің іші суық. Сағат 4-те өшті, түнгі сағат он жарым ба, он бірде ме жанды. Үнемі свет өшіп қалады. Кішкене жел бола ма, шөптің басы кішкене қимылдай ма, свет өшіп қалады, – дейді Жаңалық ауылының тұрғыны Мөлдір НЫСАНБАЕВА.
Суық үйде отырған қарттар мен балалар да жиі сырқаттанады.
Ал ауырған адамды қарайтын орынның өзі сын көтермейді.
Ауылдағы медициналық пунктің жағдайы оңып тұрған жоқ. Амбулатория деп аталғанымен, ол контейнерден жасалған. Дәрігерлер аз, құрал-жабдықтар тапшы. Тұрғындар мұнда емделуге емес, ұзақ кезек күтуге келеміз деп отыр.
Әкімдік жарықтың өшуін апаттық жағдайлардың жиі болуымен байланыстырады. Бірнеше елдімекен бір трансформаторға қосылған. Сондықтан кейде қысымды көтере алмай қалады дейді.
Ал амбулаторияға қатысты мәселені жақында шешеміз деп уәде берді.
– Светтің жиі өшуі соңғы екі айда өшкені авариялық жағдайға байланысты. Біреуінде газ тарту кезінде мердігер компанияның тракторисі зақым келтіруінен болды. Ал екіншісінде высоковольтный линиядағы басында шыныдағы резина күйіп кеткен. Ал амбулаторияда врачтар штат бойынша қамтылған. Қосымша әкімдік тарапынан жер телімдерін дайындадық. 50 сот жер бөлінді. Құжаттар дайын болса, жасалады бәрі, – дейді Қайнар ауылдық округінің әкімі Нұрбол ЕСЕНБАЕВ.
Жаңалықтың тұрғындары жақсы жаңалықтан үмітті.
Алайда сенімімізге селкеу түсе ме де қорқады.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
11.12.2025,
11:15
12.12.2025,
13:00
11.12.2025,
09:00
Реклама
Реклама