“Қазақ аруы – 2025” байқауы да әділетсіз өткен екен

Қайтейік енді

15.11.2025,

  в 16:00

523

Жұрт қазақ аруы атанған Дәрия блогер болғандықтан, жеңіске лайық емес екенін айтты

Желідегі жұрт жалпы бұл байқаудың өте төмен деңгейде өткенін жарыса жазып жатыр екен. Stan.kz желіде жазылған пікірлерге шолу жасапты.

“Дәрия жеңіске лайық болмады”

Желі қолданушыларының пікірінше, жеңімпазды халық дауыс беру арқылы таңдайтын болғандықтан, басынан-ақ Дәрияның жеңетіні белгілі болған. Өйткені блогер жазылушылары арқылы дауыс жинайды, ал өзге қыздарда мұндай мүмкіндік жоқ. Бұған қоса, олар бұдан былай байқауға оқырманы көп блогерлерді қатыстырмауды немесе жеңімпазды дауыс емес, қазылар арқасы арқылы таңдауды сұрап отыр.

  • “Енді шектеу қою керек! Блогерлер мен тиктокерлер қатыспауы керек деп ойлаймын! Тиктокта кім шығады рекке сол әкетіп жатыр, ал оны қарайтын адамдар өнеріне біліміне қарап жатқан жоқ, бар шығар бірақ бірен-саран. Баян Мақсатқызына ендігі тик ток пен инстаграм жүргізетін адамдарды алмай, қатысушыларға әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қою керек уақытша”,
  • “Оқырман саның 120 мың болса, әрине, 22 мың дауыс жинау сөз емес. Басқа қыздар 1 айдың ішінде 100 мың оқырман жинай алмайтыны сөзсіз анық қой”,
  • “Дәрия ғана еңбектенген жоқ. Басқа қыздардың да еңбектері, өнерлері жақсы болды. Басқа кейбір қыздарда сұрақтарға өте жүйелі, мықты жауап берді. Дәрияның осы кастинг басталмай жатып оқырманы көп болды. Жалпы аудиториясын көп адам көретіндіктен салған жұмыстары бәрі тез көп қаралым жинады. Ал басқа қыздарда көп еңбектенді, мықты таланттары бар, өздерін көрсетті, бірақ олар блогер емес. Ал бір жарым айда бірден оқырман жинап, көрілімді өсіру мүмкін емес”,
  • “90 мың оқырманмен 22 мың дауыс жинағаннан, 6 мың оқырманмен 12 мың дауыс жинау нағыз жеңіс менің ойымша. Қазақ аруы әдемі болу керек деп санаймын, Дәрия жетіңкіремейді бұл титулға”, – деп жазып жатыр олар.

Фото: видеодан скриншот.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!