Қайтейік енді
09.02.2026,
в 16:00
192
Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан аралас командалық эстафета (4×6 км) жарысы аяқталды. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы мәреге жете алмай, жарысты аяқтай алмады, деп жазады 1bol.kz.
Аралас эстафетада ел намысын Владислав КИРЕЕВ, Әсет ДҮЙСЕНОВ, Милана ГЕНЕВА және Айша РАҚЫШЕВА қорғады. Алайда соңғы кезеңде қазақстандық спортшылар көшбасшы командадан бір айналымға қалып қойып, жарыстан шығарылды.
Нәтижесінде Қазақстан командасы соңғы, 21-ші орында тіркелді.
Жарыс қорытындысы бойынша алтын медальді Франция құрамасы жеңіп алды. Екінші орынды Италия иеленсе, үздік үштікті Германия командасы түйіндеді.
Аралас эстафета (4×6 км) жүлдегерлері:
Биатлоннан келесі жарыс 10 ақпанда «Антерсельва аренада» ерлер арасындағы жекелей сынмен жалғасады.
Фото: Нұрғали Жұмағазы.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
04.02.2026,
13:30
07.02.2026,
10:00
06.02.2026,
09:00
04.02.2026,
09:00
Реклама
Реклама