Қазақстан биыл Жеңіс күніне парад өткізбейді

Қайтейік енді

08.04.2026,

  в 15:00

388

Оның орнына бірқатар әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады

Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай биыл әскери парад өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, оның орнына бірқатар әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда:

  • ерлік сабақтары; 
  • үздік әскери қызметкерлерді марапаттау; 
  • ардагерлерге құрмет көрсету; 
  • экологиялық акциялар; 
  • әскери оркестрлердің шеруі; 
  • шығармашылық ұжымдардың концерттері; 
  • әскери техника мен қару-жарақ көрмесі; 
  • «Солдат ботқасы» акциясы; 
  • ашық есік күндері.

Осылайша, мерекелік күндер дәстүрлі парадсыз, бірақ мазмұнды іс-шаралар арқылы атап өтіледі.

Қазақстанда 7 мамыр күні 2012 жылдан бері мемлекеттік мереке – Отан қорғаушылар күні саналады.

2025 жылы Астананың орталық алаңында «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» дейтін дүркіреген парад өтті.

Оған дейін әскери парад 2018 жылы өткен.

Фото: Қорғаныс министрлігі.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!