Қайтейік енді
23.01.2026,
в 13:30
159
Көшеде қайыр сұрап, майлық пен әтір сынды заттар сатып алуға мәжбүрлеп елдің мазасын алатындар көбейіп барады. Соңғы 12 айда Қазақстанда қоғамдық орындарда тиісу әрекеті рекордтық көрсеткішке жеткен, деп хабарлайды Информбюро 31.
Бас прокуратураның дерегінше, 1 жылда жалпы 116 мыңға жуық арыз түсіпті.
Бірақ көптің мазасын алғандардың басым бөлігі тек ескертумен құтылған екен.
Көшеде кетіп бара жатқанда зат сатып алуға мәжбүрлейтіндерді кездестірген шығарсыз. Кейбірі тіпті ештеңе ұсынбай тек ақша сұрайды. Яғни қайыр тілейді. Бас прокуратураның дерегінше, соңғы 1 жылда дәл осылай “қоғамдық орында тиісу” бабы бойынша 115 мыңнан астам дерек тіркелген. Бұл ресми анықталғаны ғана. Соның өзі соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш.
Халықтың айтуынша, қазір көшеде ғана емес, автобустарда да түрлі қызметтер ұсынып, мазаны алатындар көбейген екен.
Халықтың айтуынша, бүгінде қайыр сұрап немесе зат сатып алуға мәжбүрлейтіндер көлік жүретін жол бойында да жиі жүреді. Осылайша қозғалысқа кедергі келтіреді дейді. Сондықтан көпшілік заң бойынша қолданылатын шараларды қатаңдатуды ұсынады.
Тұрғындар дәл қазір күн суық болған соң қайыр тілейтіндер сиреді, бірақ күн жылынса Алматының бұрыш-бұрышында пайда болады дейді.
Ал Құқықтық статистика комитетінің дерегінше, былтыр 116 мың жуық дерек тіркелгенімен, 3 жарым мыңға жетер-жетпес адамға айыппұл салыныпты. Дегенмен өзгенің мазасын алғаны үшін 146 азамат әкімшілік қамауға алынған. 120 шетелдікті елден шығарып жіберген.
Фото: yandex.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
21.01.2026,
10:30
18.01.2026,
12:00
21.01.2026,
15:00
Реклама
Реклама