Қайтейік енді
23.03.2026,
в 16:00
113
Қазақстандық мектеп оқушылары мемлекеттік қызметпен өмірін байланыстырғысы келсе, оған дайындықты жоғары сыныптардан бастап-ақ бастай алады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан ЖАЗЫҚБАЙ мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.
Мәжіліс депутаттары мемлекеттік қызмет туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарастыруда.
Құжатты талқылау барысында депутат Гүлдара НҰРЫМОВА агенттік басшысынан болашақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау үшін білім беру гранттары бөліне ме деген сұрақ қойды.
«Баяндамаңызда жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында кадрларды мектеп қабырғасынан бастап даярлау нормалары енгізілетінін атап өттіңіз. Айтуыңызша, төменгі мемлекеттік лауазымдарға дайындайсыздар. Бұл өте өзекті мәселе, өйткені қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының небәрі 17 пайызын ғана жастар құрайды. Осыған байланысты сұрағым: мемлекеттік қызметке даярлау үшін оқуға іріктеу қалай жүргізіледі? Жастар қайда жүгінуі керек? Білім беру гранттары мен шәкіртақылар қарастырыла ма?» – деп сұрады депутат.
Дархан Жазықбайдың айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметте 27,5 мыңнан астам жас қазақстандық жұмыс істейді.
«Бізде жас кадрлар резерві бар. 2023 жылдан бастап GPI нәтижелері бойынша ауылдық өңірлерге осы бағдарлама арқылы жас мамандарды басшылық қызметтерге іріктеу жүргізіліп келеді. Сондықтан Сингапур моделін негізге ала отырып, 10–11 сынып оқушыларын, яғни мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге ниетті жастарды ерте кезеңнен тартқымыз келеді. Білім беру гранттары арқылы осындай жастарды мектептен бастап қабылдаймыз. Мемлекеттік қызметке қажетті мамандықтарға талдау жасадық. Дәл осы сұранысқа ие бағыттар бойынша жастарды мектеп қабырғасынан бастап даярлаймыз», – деді ол.
Жас мамандар елді мекендерде 2–3 жыл жұмыс істегеннен кейін Мемлекеттік басқару академиясында біліктілігін арттырып, кейін басшылық лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.
Бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдану үшін жаңа талап – жасанды интеллект (AI) саласын міндетті түрде білу енгізілетіні хабарланған болатын.
Фото: Getty images.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
17.03.2026,
09:00
19.03.2026,
11:10
18.03.2026,
14:00
20.03.2026,
11:15
Реклама
Реклама