Қазақстан түрмелерінде балалар көбейіп келеді

Қайтейік енді

28.11.2025,

  в 15:00

171

Қазақ жастары қатігез боп барады

Түрмеде отырған жеткіншектер саны көбейді. Былтыр елдегі балалар колониясында 50-ге жуық жасөспірім жазасын өтесе, биыл олардың саны 80-ге жеткен. Сәйкесінше, қылмыс саны да өткен жылмен салыстырғанда көп, деп хабарлайды Astana TV.

Құзырлылар 2 мыңға жуық істі тіркеді. Оның ішінде адам өлтіргені де, зорлық жасағаны да бар. Балалық бал күнін бұзақылыққа арнағандардың дені Шымкент, Астана мен Түркістан облысының тұрғындары.

Соңғы уақытта жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың өршуі қоғамды алаңдатып отыр. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ең жиі кездесетін қылмыстар – топтық төбелес, боулинг, интернеттегі агрессия мен киберқұқықбұзушылықтар. Осындай заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында білім беру ұйымдары облыс аумағында 1550-ден астам рейдтік шара ұйымдастырған.

— Бүгінгі ата-ана негізі бәрін мектепке тастап қойып, өзі аш құлақтан қаш құлақ деп жүре алмайды. Сондықтан біз ата анаға өз жауапкершілігін сезіндіру мақсатында олармен ашық диалогқа түсу мақсатында түрлі қойылымдар сосын спикерлер шақырып, тіпті құқық қорғау органдарынан да адамдар келіп осы мәселенің мән жайын түбегейлі қарастырып жатырмыз. Бұл жердегі сол сіз бен біздің негізгі басты баланың Мағжан айтпақшы бала бақытты болу керек. Ал бақыт жолында не істейді? Ол оқу, білім алу және өмірге қадам басу, — дейдіпедагог тренер Саят ИБРАИМОВ.

Бала тәрбиесін де, білімін де тек мектепке сілтеп қою қате дейді мамандар. Бүгінде мұғалімдер ата-аналар жиналысқа қатысу үшін жаңа формат енгізген.  Оқушының сынып жетекшісінен бастап, психолог, полиция қызметкерлері, тіпті прокуратура өкілдеріне дейін тізімде бар. Барлығы кәмелет жасына толмаған өскелең ұрпақтың құқықбұзшылықтарын болдырмау үшін ұйымдастырылады.

— Мен қоғамға керек емеспін бәлкім. Мен мүмкін мені ешкім жақтырмайды. Мен жалғызбын деген сияқты ой қалыптаса бастайды балада. Сол себепті ең бірінші кезекте әрине ол мектеп мұғалімі бар, мектеп психологі бар, сынып жетекшісі бар. Әрине олар өздерінің жұмыстарын жалғастыру керек. Сонымен қатар, солармен бірге бірлесе үйде ата ана балаға аса көп назар қойып баланы тыңдай білу керек, — дейді Іле аудандық білім бөлімінің басшысы Қаламқас СӘРСЕНБАЕВА.

Фото: freepik.com.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!