Қазақстанда банктер неге ипотека беруді тоқтатты

Қайтейік енді

17.10.2025,

  в 15:02

559

Не боп қалды оларға?

Елімізде бірнеше банк ипотека беруді тоқтатты. Бірі бағдарламасын жапса, енді бірі шектеу қойып жатыр. Оған Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтеруі әсер етіпті. Осы төңіректе қаржы сарапшылары не дейді? Тұрғындардың алаңдауына себеп бар ма? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы сала маманы Жеңіс ШӘРІПҰЛЫ жауап берді.

 – Жеңіс мырза, өзгеріске себеп не? Ипотека беру неге тиімсіз болып тұр?

Базалық мөлшерлемеге қатысты өзгеріс енді, 18 пайыз көбейді. Соңғы 5 жылдың ішінде өзгеріске қатысты ипотеканың мөлшері ауыстырылды. Неге десеңіз, банктер несие бергенде өз ақшасын бермейді, халықтан, бизнестен алады. Солардың алған ақшаның құны да көтеріледі. Өйткені депозиттік және  базалық мөлшерлеме бірге көтеріледі. Соған байланысты, ақшаның құны да өзгереді. Адамдар алаңдап жатыр. Негізінен, бізде ипотека ешқашан тоқтаған жоқ. Бір-екі апта, бір айдың ішінде мөлшерлемені қарастырып, ары қарай жалғастырады деп ойлаймын.

    – Несие беруді нақты кімдер тоқтатты?

    Қазіргі таңда банктер қазір қарастырып жатыр. Елімізде ипотекалық бағдарламамен жұмыс істейтін банктер көп емес. Әзірге тоқтатылды, бірақ қазір адамдар хабарласса, «қарастырып жатырмыз, басқа тиімді ипотекалық бағдарламаны ұсынамыз» деп отыр.

    Фото: видеодан кадр.

    АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!