Қайтейік енді
12.09.2025,
в 18:00
118
16 қыркүйектен бастап жүргізушілердің мастығын тексеру ережелері жаңарады. Бұл өзгерістер жаяу жүргіншілерге де қатысты болмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz.
29 тамызда «НҚА-ның эталондық бақылау банкі» порталында ІІМ-нің жаңа бұйрығы жарияланды. Құжатта «Жол қозғалысына қатысушыларды мас күйінде болуына тексеру тәртібі» анық көрсетілген.
Бұрынғы ереже тек көлік жүргізушілері мен шағын көлік басқарушыларға қатысты болса, жаңа ережеде тексеруге жол қозғалысына қатысушылар, яғни жаяу жүргіншілер мен мопед жүргізушілері де енуі мүмкін екені көрсетілген. Алайда олар анық мас күйінде болса, қандай жаза қолданылатыны белгісіз.
Жаңа ережеге сәйкес, тексеруге жолдама электронды түрде рәсімделеді. Куәгерсіз тексеруге болады, бірақ міндетті түрде: бейне немесе аудио жазба жасалуы керек. Адамның жазбаша келісімі қажет.
«Егер жол қозғалысына қатысушы адам тексеруді куәгерсіз өткізуге немесе оның нәтижесіне келіспесе, ол мемлекеттік медициналық мекемеге жіберіледі», — делінген жаңа ережеде.
Мас күйде көлік жүргізгендерге:
Кейбір жүргізушілер жазаны жеңілдетуді сұраған. Депутаттар да мұны қолдады. Бірақ ІІМ бұл ұсынысты қабылдамады. Яғни, жаза өзгермейді.
Фото: mk-kz.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
09.09.2025,
12:33
08.09.2025,
14:42
07.09.2025,
10:10
09.09.2025,
18:00
Реклама
Реклама