Қайтейік енді
30.08.2025,
в 18:00
522
Қазақстан нарығындағы мектеп формасының 95 пайызы – импорттық өнім. Ата-аналар отандық өндірушілерді қолдауға қарсы емес, бірақ қазақстандық өнімді табу оңай болмай шықты, деп хабарлайды Информбюро 31.
Алдағы сейсенбіде оқушылар партаға отырады. Дүкендер тынышталып қалғанымен, мектеп формасына сұраныс әлі де бар. Өскемен қаласындағы сауда орындарында негізінен Қытай мен Қырғызстаннан әкелінген тауарлар. Отандық өндірушілердің үлесі мардымсыз – бар болғаны бес пайыз.
Бүгінде Қазақстанда мектеп формасын 40 кәсіпорын шығарады. Алайда өндіріс көлемі әзірге шектеулі. Мысалы, Шымкенттегі фабрика биыл 5 000 костюм шығарған, ал алматылық өндіруші 3 мың дана жилет пен жакет тіккен. Кәсіпкерлердің айтуынша, өндірісті ұлғайтуға мемлекеттік тапсырыс көмектесер еді.
— Егер мектеп формасына бірыңғай стандарт енгізіп, оларды отандық компаниялар шығаратын болса, өте дұрыс болар еді. Бұл – экономиканың шаруашылық тәсіліне сай келетін шешім. Мұндай қадам мемлекетке де, ата-аналарға да, бизнеске де тиімді болар еді. Қабілетіміз де, ниетіміз де бар. Тек мектеп формасы нарығын дұрыс реттейтін мемлекеттік қолдау күтіп отырмыз, — дейді «Qaz Textile Industry» Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ұлттық бірлестігінің басқарма төрайымы Гүлмира УАХИТОВА..
Жаппай өндірісті дамытуға кедергі болып отырған тағы бір мәселе – арзан импорттық тауарлардың басымдығы. Шетелдік өніммен бәсекелесуге отандық өндірушілердің бәрі бірдей дайын емес.
— Оларға өнімнің өзіндік құнын төмендету, заманауи технологияларды енгізу, мата сапасы мен дизайн бойынша жұмыс істеу қажет. Мемлекет қаржыландыру мен экспортты қолдау арқылы көмектесе алады, бірақ түпкі нәтиже отандық компаниялардың сапалы әрі бағасы бәсекеге қабілетті өнім шығара алуына байланысты болмақ, — дейді экономист Бауыржан ЫСКАҚОВ.
Биылғы жаңа оқу жылында еліміздің мектептерінде 4 миллионнан астам оқушы білім алады. Алайда олардың азғантай ғана бөлігі Қазақстанда жасалған мектеп формасын кимек.
Фото: Информбюро 31.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
30.08.2025,
12:12
29.08.2025,
09:00
01.09.2025,
18:00
Реклама
Реклама