Қайтейік енді
19.02.2026,
в 15:30
262
Қазақстандықтар жинаған қаражатын банктерге бұрынғыдай белсенді сеніп тапсырмайтын болған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың депозиттері небәрі 14,7%-ға ғана өсті. Ал 2023-2024 жылдары өсім 20%-дан асып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына» сілтеме жасап.
Халыққа ақша жинау барған сайын қиындап барады. Оның басты себебі – инфляцияның жоғары болуы. 2025 жылы инфляция 12,3%-ға жеткен, бұл алдыңғы жылғы 8,6%-бен салыстырғанда едәуір жоғары. Соның салдарынан қазақстандықтардың нақты табысы 6%-ға төмендеген: Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, жылдың соңында нақты табыс индексі 94% болған.
– Табылған табыстың басым бөлігі күнделікті қажеттіліктерге жұмсалады. Қазақстандықтардың барлық шығынының шамамен 92%-ы тұтынушылық шығындар, соның ішінде жартысынан көбі (52,3%) азық-түлік сатып алуға кетеді, – деп атап өтті «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры».
Негізгі қажеттіліктер жабылғаннан кейін «артық» ақша азайып бара жатса да, бөлшек депозит нарығы бір жылда 14,7%-ға өсіп, 28,2 трлн теңгеге жеткен. Алайда өсім қарқыны айтарлықтай баяулаған:
– 2025 жылы бөлшек депозиттердің өсімі өткен жылдармен салыстырғанда төмен болғанымен, депозиттер әлі де инфляция салдарынан қаражаттың құнсыздануынан қорғанудың ғана емес, сонымен қатар кепілдендірілген табыс алудың ең сұраныстағы қаржы құралы болып қала береді, – деп мәлімдеді қор өкілдері.
Фото: digitalbusiness.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
17.02.2026,
22:50
16.02.2026,
09:00
17.02.2026,
21:01
14.02.2026,
12:00
Реклама
Реклама