Қазақстанның топырағы тозып барады

Қайтейік енді

10.03.2026,

  в 15:00

163

«Әр гектар жерді қалпына келтіру үшін шамамен 1 мың доллар қажет», дейді елімізде жүрген БҰҰ өкілдері

Қазақстан топырағының 50% тозған, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.

«Әр гектар жерді қалпына келтіру үшін шамамен 1 мың доллар қажет»,  – депті Біріккен Ұлттар ұйымының еліміздегі өкілдері.

Құзырлы министрліктер бірлескен пилоттық жобаны қолға алды. Соған сәйкес, шаруаларға тегін қолдау көрсетіліп, жердің тозуын тоқтату жұмыстары жүргізілуде. Жобаға 1,8 миллион доллар бөлінген.

Әуелі топырақ құнарлығын арттырып, айналадағы жасыл желекті көбейту жұмыстары жүргізілмек. Егер жобаның тиімділігі дәлелденсе, Париж келісімшартының 6-бабы бойынша қаржы тарту мүмкіндігі пайда болады.

Мамандардың айтуынша, қазір Қазақстанда 40 миллион тоннаға жуық парниктік газ бар. Олар атмосферада жылуды ұстап, жаһандық жылынуға әсер етеді. Сонымен қатар топырақ сапасын нашарлатады.  

– Жерді, топырақтағы көміртегіні сақтап алу керек. Содан кейін барып нарыққа шыға алады. Сондықтан да мұндай жобалар жаңа инновация болғаннан кейін біздің аймақта Орталық Азияда олар көбінесе пилоттық болып жүреді. Кейін Пилоттық ретінде біз бұны ФАО ретінде Қазақстанда бастадық. Нарыққа шыға аламыз ба деген үмітіміз бар. Қазіргі таңда біздің пилоттық жоба Ақтөбе облысында және Алматы облысында да бар, – дейді Жаңыл БАЗАЕВА, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бағдарлама үйлестірушісі. 

Фото: freepik.com.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!