Қайтейік енді
06.09.2025,
в 17:06
353
Қазақтың ұлттық нақыштағы әшекей-бұйымдары қытайдың маркетплейстерінде заңсыз сатылып жатыр. Бүгінде қолында патенті бар қазақстандық шеберлер «өзгенікін қолды еткен» кәсіп көзімен күресіп шаршаған, деп хабарлайды Информбюро 31.
Дәл солай қазақстандық дизайнерлер мен суретшілер де шабыт пен уақытты сарп еткен туындыларын Temu, AliExpress сияқты онлайн платформалардан тапқан.
Бұл аздай қытай сайттарында мемлекеттік рәміздеріміз басылған іш киім мен шұлық та толып тұр. Кез келген тауардың көшірмесін жасап, арзан бағаға сата беретін шетелдік маркетплейстермен қалай күресеміз? Отандық шеберлердің авторлық туындыларын қайтару құзырлы органның қолынан келе ме?
Айгерім КӘРІБАЕВА бес жыл бойы талмай плагиат мәселесін көтеріп келе жатқан танымал суретші. Қолымнан шыққан әр туындыны патенттеп, құқығымды қорғап жүрсем де қытайлық сайттар еңбегімді еш етті дейді. Суретшінің ұрланған туындылары бейнеленген заттар қытайдың маркетпелйістерінде самсап тұр. Бағасы арзан болғанымен сапасы төмен. Автор бұл да менің атыма нұқсан келтіреді деп отыр. Еңбектің жемісін емес, құнсыздануын көру көңілге қаяу түсіреді. Кейде шабытты тежейді дейді ол.
— Шын мәнінде мен құзырлы органдарға да, авторлық құқықтарды қораумен айналысатын заңгерлерге де жүгіндім. Өкінішке орай нәтиже жоқ. Маған ешкім көмек бере алмады. Түсінгенім плагиатпен күресуге тек автордың қауқары жетпейді, — дейді суретші Айгерім Кәрібаева.
Ал 20 жылдан астам уақыттан бері сән саласында жүрген Аида ҚАУМЕНОВА кәсіпке келгелі бері көшірмемен күресіп келе жатқанын айтады. О баста плагиатқа аса мән бермеген танымал дизайнер бүгін тек заң аясында жұмыс істеуге көшіпті.
— Біз юристарымызбен сөйлесіп, қазір бірнеше сондай показательный пример болған. Сол компанияларға юристар дұрыстап хаттарын жазып, все в юридическом поле. Көбісі түсінді және сондай нәрсені қойды. Өйткені бізде патенттеріміз бар, авторская право все есть, — деп отыр дизайнер Аида Кауменова.
Дизайнер мен суретші көтерген мәселе былай тұрсын, қытайлық сайттарда мемлекеттік рәміздерімізді көрінген жерге басып шығарып саудалап жатқанын байқадық. Керек десеңіз көрпе-жастық, іш киім, шұлық пен бетперде де табасыз. Бұл біздің заңға қайшы екені айдан анық. Ал жауаптылар не дейді?
— Біздің Мемлекеттік рәміздер біздің заңмен қорғаланады. Және оларды пайдалану үшін арнайы Мәдениет министрлігінен арнайы рұқсат алу керек. Бұл маркетплейстер ондай рұқсат алмаған. Қазіргі таңда ол бойынша заңдарға өзгеріс енгізіп жатырмыз және бұл мәселе қаралуда, — дейді ҚР Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы комитеті басқармасының басшысы Ілияс КАБДУЛИН.
Және министрлік өкілі өзге елде жасалған плагиат сол мемлекеттің занымен қудаланады дейді. Яғни, авторлық туындысы қытайдың маркетплейстерінде ашық сатылып жатқан дизайнерлер шетелдегі заңгерлерге жүгіну керек екен.
Фото: Информбюро 31.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
01.09.2025,
18:00
02.09.2025,
15:00
05.09.2025,
12:48
01.09.2025,
19:26
02.09.2025,
10:00
Реклама
Реклама