Кей тұрғындар Парламент атауын «Құрылтай» деп өзгертуді шынымен де құптайтын көрінеді
«Президенттің жаңа бастамалары – қоғамдық-саяси жүйеге бағытталған оң қадам» деп ойлайтын кей алматылықтар «Ұлттық құрылтайдағы ұсыныстардың ел игілігі үшін маңызы зор» деген пікірде, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Бұл телеарнаның хабарлауынша, тұрғындар Парламент атауын «Құрылтай» деп өзгертуді қатты-қатты құптайды.
Қолдаймын мен «Құрылтай» дегенді. Неге десең, құрылтай деген баяғыдан қазақтың байырғы сөзі. Құрылтай деген – тарихты қарасақ, ең парасатты, мықты адамдарды жинап, соларға талқылап, әркім өзінің ой-пікірін айтады. Сөйтіп бір қорытынды шығаратын еді. Сондықтан парламенттің құрылтай болғаны, меніңше, өте лайық. Неге десең, әлем бойынша қарасақ, мысалы, әр мемлекеттің өзінің ұлттық аты бар. Ол деген парламенттің осы қоғамға, осы тарихтың сабақтастығы деп ойлаймын.
Ұлттық құрылтайымыз – біздің ұлттық идеямыз, халықтың бірлігі, тұрақты даму, экономикалық өсім, соның негізінде экономикалық дамуды мақсат ету болса, соған қатысты барлық саламен байланысты. Президент жаңа идеяларын, ұсыныстарын ел алдына жеткізді. Соның ішінде өзім экономика саласында болғандықтан, ел басшысы айтқандай біздің осы өткен жылғы экономикалық өсімнің 6 жарым пайыз болғаны, одан кейінгі 300 млрд долларға жетіп асқаны, ішкі өнім табысымыздың жан басына шаққандағы 15 мың доллар көрсеткіші – Орта Азиядағы рекорд. Сондықтан бұл өсімдердің барлығы халықтың әл-ауқатынан көрінеді.
Бесінші республикалық ұлттық құрылтайдың нәтижелері елімізде өте маңызды оқиғаларға алып келді. Біз білетіндей, Қазақстан Республикасы 35 жыл бойы өркендеп келеді, ал ұлттық құрылтайда болған маңызды өзгерістер мемлекеттік құрылымдарға әсер етті. Олардың ішінде ең бастысы – заң шығарушы органның құрылымы өзгеріп, екі палатаның бірігуі.
Құрылтай өте жақсы өтті. Көптеген ақпарат алдым. Соның ішінде білімді, руханиятты, мәдениетті дамыту жағы қатты ұнады. 2026 жылды жасанды интеллектке арнады ғой. Сондықтан бәріміз жасанды интелектті меңгеруіміз керек,
– деп камераға айтыпты Алматыда жүрген кәдімгі кейбір кісілер.