Қырғызстанда әрбір төртінші адам кедей – БҰҰ деректері

Қайтейік енді

24.03.2026,

  в 16:00

102

Халықтың 75 пайызы қарыз алып күн көреді

Қырғызстан халқының шамамен 26 пайызы кәдімгі кедейлікте өмір сүріп отыр. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) 2026 жылғы наурыздағы Kyrgyz Republic Country Brief есебінде айтылған, деп хабарлайды 24.kg.

Зерттеуге сәйкес, ел халқының 41 пайыздан астамы толыққанды тамақтанбайды, ал 75 пайызы – қарыз алуға немесе денсаулығына ақша жұмсамай, «ауыруын жасырып» жүруге мәжбүр

Ең күрделі жағдай Баткен облысында байқалады, ол жақта кедейлік деңгейі 40 пайыздан асып барады.

Тойып тамақ жемеу мәселесі әлі де өзекті екені атап өтіледі: бес жасқа дейінгі балалардың 21 пайызында анемия анықталған.

Экономикалық өсімнің жоғары қарқынына қарамастан, елдегі азық-түлік қауіпсіздігі әлі де осал боп тұр. Мұның себептері – мигранттардың ақша аударымдарына тәуелділік, ауыл шаруашылығының өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі, азық-түлік пен жанармай бағасының өсуі, климаттық тәуекелдер.

Қырғызстан аумағының 93 пайызы таулы жер, елге табиғи қауіптер, соның ішінде сел тасқындары қауіпі төнетіні атап көрсетілген.

Фото: Cabar.Asia.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!