Қайтейік енді
25.10.2025,
в 17:08
338
Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат ДӘУЛЕТӘЛИЕВ қызметтік көлігімен жол апатына түсті. Аталған жол-көлік оқиғасы барысында бір адам көз жұмған, ал әкімнің өзі ауруханада жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Талғар ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын нақтылады.
— Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметші ауруханада жатыр, бұл қызметтік тексеру жүргізу мүмкіндігін уақытша шектейді, — деп атап өтті ведомстводан.
Іс жүргізу әрекеттері аяқталғаннан кейін және мемлекеттік қызметші жұмысқа шыққан соң тәртіптік шараларды қолдану туралы мәселе Әдеп жөніндегі кеңестің қарауына ұсынылатын болады.
— 13 қыркүйекте «Қарасаз-Сарыжаз» тас жолында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, — делінген Алматы облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
Алдын ала мәліметтер бойынша, FAW Bestune T55 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол шетіне ұшып аударылған.
— Апат салдарынан бір жолаушы қайтыс болды, тағы бір жолаушы мен жүргізуші алған әртүрлі жарақаттары бойынша ауруханаға жатқызылды, — деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды.
— Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Фото: gov.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
19.10.2025,
18:00
20.10.2025,
10:00
23.10.2025,
15:30
19.10.2025,
12:00
Реклама
Реклама