Қызылордада санитариялық талап сақтамағандарға 22 млн 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Қайтейік енді

18.01.2026,

  в 14:00

61

Департамент қызметкерлері былтыр 15 жоспарлы тексеру жүргізіп, 14 заңбұзушылықты анықтады

Қызылорда облысында өткен жылы ішкі сауда нарығы айналымындағы өнімдер қауіпсіздігіне бақылау жүргізу мақсатында сауда орындарынан 1 766 өнім сынамасы сатып алынды, деп хабарлайды Казинформ.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, сынаманың 69,7%-ы тағам өнімдеріне, 30,3%-ы одан бөлек өнімдерге тиесілі. 

— Сараптама нәтижесінде 317 үлгінің техникалық регламент талаптарына сай келмейтіні анықталды. Атап айтқанда, микробиологиялық көрсеткіш бойынша 4, физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша 11, таңбалануы бойынша 247 және физикалық факторлар бойынша 4 сәйкессіздік анықталды. Сәйкес келмеген өнімдер бойынша 100 сауда объектісіне жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы рәсімделді. Жалпы құны 1 млн 240 мың теңгеден асатын 818 килограмм өнім саудадан алынды, — делінген хабарламада.

Департамент қызметкерлері былтыр 15 жоспарлы тексеру жүргізіп, 14 заңбұзушылықты анықтады. Заң бұзғандарға 3,5 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Жоспардан тыс тексеру қорытындысында 124 заңбұзушылық тіркеліп, 22 млн 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. 

Фото: © Hronika.kz / Айдын Олжаев.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!