Қайтейік енді
12.02.2026,
в 16:00
205
Ресейдің спорт министрі Михаил ДЕГТЯРЕВ шетелдік спорттық азаматтыққа ауысқан бұрынғы отандастарына Ресейге кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол «Центральный канал» бағдарламасында айтты, деп жазады 1bol.kz.
Министрдің сөзінше, Ресей спортшыларды дайындап, оларға база мен жаттықтырушылар беріп өсіреді, алайда кейбірі кейін басқа елдің атынан өнер көрсету үшін спорттық азаматтығын ауыстырып кетеді.
– Яғни біз оларды осында асыраймыз, тәрбиелейміз, жаттықтырушылармен, базалармен қамтамасыз етеміз, ал олар паспортты тастап, кетіп қалады. Барлығынан айыру керек, елге кіруге тыйым салып, біздің спорт нысандарын пайдалануға жол бермеу керек. Біз соған келе жатырмыз, – деді Дегтярев.
Сондай-ақ министр мұндай жағдайларға қатысты талаптарды күшейтетін бұйрыққа қол қойғанын айтты. Оның сөзінше, спорттық азаматтығын ауыстырған бір шахматшы гроссмейстер атағынан айырылған.
Айта кетейік, Ресейден кеткен кейбір спортшылар қазір Қазақстанның атынан жарыстарға қатысып жүр. Олардың қатарында әлемнің үшінші ракеткасы Елена РЫБАКИНА, ATP рейтингіндегі алғашқы ондыққа кіретін Александр БУБЛИК, мәнерлеп сырғанаушы Софья САМОДЕЛКИНА және басқа да спортшылар бар.
Бірақ ресейлік спорт комментаторы Дмитрий ГУБЕРНИЕВ министрдің бастамасына қатысты күмәнін білдірді. Оның айтуынша, егер спортшыда Ресей паспорты болса, оған елге кіруге тыйым салу заң жүзінде қиын болуы мүмкін.
– Адамның Ресей паспорты болса, оны елге қалай кіргізбей қояды? Бұл іс жүзінде қалай жүзеге асады? Мүмкін, министрдің сөзін дұрыс түсінбей қалған шығармыз, – деді Губерниев Metaratings.ru сайтына берген пікірінде.
Ол спорттық базаларды пайдалануға шектеу қою мүмкін екенін, алайда елге кіруге тыйым салу мәселесі нақты заңдық тұрғыда қаралуы тиіс екенін атап өтті.
Фото: WTA/Ролан Гаррос.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
07.02.2026,
10:00
06.02.2026,
09:00
09.02.2026,
15:00
11.02.2026,
09:00
Реклама
Реклама