Қайтейік енді
04.01.2026,
в 13:00
417
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының іргесіндегі шипалы ыстық су көздеріне былтыр 250 мыңнан астам адам келген. Бұл ауданның туризм саласын түлетуге оң ықпалын тигізді, деп хабарлайды 24.kz.
Жалпы табиғаттың берген тамаша сыйын табыс көзіне айналдырып отырған өңірлер баршылық. Қарадала өңірі шипалы ыстық су көздеріне бай. Шонжы ауылының іргесінде 40 шақты демалыс базасы мен сауықтыру кешені жұмыс істеп тұр. Демалушылар саны жыл сайын артып келеді. Былтыр ыстық су көздеріне 250 мыңнан астам турист келді.
Мұнда ат басын тірейтін шетелдік туристер аз емес. Шонжыға әсіресе көршілес Ресей мен Белорусь, Қызрғызстан, Индонезия, Үндістаннан келушілер көп.
– Көп жерде демалыс орындарында фильтрация қояды. Бізде ешқандай фильтрация жоқ. Жердің астынан табиғи 18 түрлі минерал шығады. Олардың бәрі біздің бассейнге түседі. Біз оны 3 күн ұстаймыз. Үш күннен кейін оны төгіп, алмастырамыз. Ол арықтату, дене және буын ауруларын емдеу, тері ауруларын емдеу, – дейді Есен ТЕМІРҒАЛИЕВ, демалыс орнының директоры.
Биыл Қазақстан – Қытай шекарасында орналасқан «Қалжат» өткелі ашылады. Маңызды нысан Қытай Халық Республикасымен арадағы негізгі туристік бағытқа айналады деген болжам бар. Шонжы автобекеті туристерді тиімді тасымалдау үшін автобустар мен 20 жеңіл көлік алған. Одан бөлек, логистикалық бағыттар да іске қосылады.
– Қазір автобустардың қызмет сапасын көтеру, елімізге келіп жатқан туристердің, инвесторлардың барынша жағдайын жасап, қосымша көліктерін ойластырып, шекарадан өту жылдамдығын тездету. Қазір Қорғас шекарасында бір өткенде 3-5 сағатта өтеміз. Ал сондай болдырмас үшін бағдарламалар енгізіп жатырмыз, – дейді Шонжы автобекетінің басшысы Ербол САУЫТЖАН.
Шонжы автобекетін қайта жаңғырту мақсатында заманға сай қонақ үй, қоғамдық тамақтану орындары мен алғашқы медициналық қызмет көрсету орталығын ашу жұмыстары жүріп жатыр.
Фото: pinterest.com.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
21.01.2026,
10:30
25.01.2026,
21:37
21.01.2026,
15:00
22.01.2026,
12:00
Реклама
Реклама